О.Такеев: Жамбыл облысы аумағындағы 39 адам суға батып
қаза болған
Жамбыл облысы аумағындағы 39 адам суға батып қаза болған, оның ішінде 22 бала. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы ТЖ Департаментінің ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Омар Такеев мәлімдеді.
ТЖ алдын алу бөлімінің бастығының айтуынша, шомылу маусымының басынан 16 бала суға кеткен. Суға кеткен балалардың жасы 3 тен 13 жас аралығында. 2016 жылы іспеттес уақытта 35 адам қаза болған, оның 21 балалар.
Бұл қаза болу жағдайларының күрт өсуінің себебі ата-аналардың тарапынан балаларына салғырт қарауы немесе бақыламауынан болып отыр.
Тіркелген қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға арналмаған және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару жасағы» ММ қаралмайтын орындарда, тыйым салу белгілері орнатылмаған су айдындарында болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шомылу маусымы кезінде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп су айдындарында көпшілік жаппай демалатын орындарда алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімдігінің білім беру басқармасымен бірлесіп, жалпы білім беру орта мектептерде демалыс алдындағы ата-аналар жиналыстарында шомылу маусымы кезінде ата-аналардың балаларына жауапкершілігі жөнінде жадынамалар тарату, бейнероликтер көрсету арқылы сабақтар өткізілді.
Тараз қаласы мен Жуалы аудандарында әлеуметтік қорғау орталықтарында есепте тұрғандардың есебіне жаппай шомылу орындарында 29 қоғамдық құтқарушыдан 9 бекет құрылды (8 бекет – 26 құтқарушыдан Тараз қаласында, Жуалы ауданы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында 1 бекет 3 құтқарушы).
Облыстық Білім басқармасымен «Қауіпсіз жаз» жобасы аясында қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінде судағы қауіпсіздік тақырыбында сабақ жүргізу жоспары келісіліп, бекітілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Шомылуға тыйым салынған орындар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп зерделеніп, шомылуға тыйым салу жөнінде 158 ескерту белгілері мен 15 билбордтар орнатылды, — деп айтты ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Омар Такеев.