• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 01:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
25.11.2026, 01:27
Сайлау-2026
Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды
2
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Талас аудандық мәслихатының депутаттығына «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат Адилет Молдабеков өзінің сайлауалды бағдарламасын жариялады.

Кандидаттың бағдарламасы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға, кәсіпкерлікті қолдауға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Өмірбаяны

Молдабеков Адилет Абдуайтович 1982 жылғы 10 сәуірде Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасының азаматы. Жоғары білімді. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жылу-газбен жабдықтау, желдету және ауа бассейнін қорғау» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Алматы қаласында жеке кәсіпкерлік саласында бастаған.

2009–2016 жылдары Талас ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Taimas Construction Company» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.

Еңбек жолында бірқатар мемлекеттік және мерекелік марапаттарға ие болған:

  • «Ерен еңбегі үшін» медалі;
  • «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі;
  • «Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
  • «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік төсбелгісі;
  • Д.А. Қонаевтың 110 жылдығына арналған мерекелік төсбелгі.

Отбасылы, алты баланың әкесі.

Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары

1. Партия бағдарламасын іске асыру

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттердің орындалуына атсалысу.

2. Ауылдық округтерді дамыту

Ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешуге ықпал ету.

3. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына қолдау көрсету.

4. Әлеуметтік нысандарды жаңғырту

Жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды қайта жаңғырту мәселелерін көтеру.

5. Су шаруашылығын дамыту

Суармалы және шабындық жерлерді тиімді пайдалану, су жеткізетін каналдарды қалпына келтіруге ықпал ету.

6. Спорт және балалар инфрақұрылымын дамыту

Қолданыстағы спорт және балалар ойын алаңдарын жаңарту, қосымша алаңдар салу мәселелерін көтеру.

7. Экология және санитарлық тазалық

Қоқыс алаңдарын ретке келтіруге, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды қолдау.

8. Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту

Ауылдардағы ескірген және жөндеуді қажет ететін инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға ықпал ету.

9. Автомобиль жолдарын дамыту

Үшарал ауылдық округіндегі Қайыр және Арал елді мекендеріне баратын аудандық маңызы бар автомобиль жолын салу мәселесін көтеру.

10. Жергілікті өндіріс және жаңа жұмыс орындары

Ауданның өнеркәсіптік әлеуетін пайдалану, өндірістік жобаларға инвестиция тарту, жергілікті кәсіпорындарды дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету.

11. Жастардың кәсіби дамуы және жұмыспен қамтылуы

Жастардың сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне, өндірістік тәжірибеден өтуіне және тұрақты жұмысқа орналасуына бағытталған бастамаларды қолдау. Колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту.

12. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кооперацияға бірігуіне, шағын өңдеу кәсіпорындарын ашуға, өнімді сақтау және өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.

13. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың мүддесін қорғау

Көпбалалы отбасылардың, жалғызбасты ата-аналардың, мүгедектігі бар азаматтар мен қарт тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін назарда ұстау. Мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал ету.

14. Қоғамдық бастамалар және жергілікті өзін-өзі басқару

Тұрғындардың елді мекендерді дамытуға қатысуын қолдау, ауыл тұрғындары жиындарында көтерілген ұсыныстардың жергілікті даму жоспарларында ескерілуіне және қабылданған шешімдердің орындалуына қоғамдық бақылау жүргізуге ықпал ету.

Кандидат өз бағдарламасында бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына, тұрғындардың ұсыныстарының ескерілуіне және халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға басымдық беретінін атап өтті.

Сондай-ақ сайланған жағдайда тұрғындар көтерген мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдап, олардың орындалуын бақылауға және нәтижесі туралы халыққа ақпарат беруге ниетті екенін жеткізді.

Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.

Тапсырыс беруші: №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Молдабеков А.А.

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Тегтер: Адилет Молдабеков
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00
«Әділет» кандидаттары теміржолшыларға өңірлік даму жоспарларын таныстырып, партияға дауыс беруге шақырды

«Әділет» кандидаттары теміржолшыларға өңірлік даму жоспарларын таныстырып, партияға дауыс беруге шақырды

24.11.2026, 17:47

Ауызсу, газ, жол және ауыл тазалығы Амалбек Бейбіттің сайлауалды бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:58

Ветеринар маман Амалбек Бейбіт ауыл шаруашылығын дамыту және мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру мәселесін көтермек

24.11.2026, 14:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.