«Театр және көрермен» айдары аясында қойылым басталмас бұрын театр администраторы Аймен Әсетқызы бүлдіршіндерге театр музейінде танымдық экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында балалар театр тарихымен, сахна өнерінің қыр-сырымен және театр ұжымының шығармашылық жетістіктерімен танысып, өнер ордасының тыныс-тіршілігі туралы қызықты мәліметтер алды.
Музейге саяхаттан соң бүлдіршіндер «Мың бір түн» шығыс ертегілерінің желісі бойынша сахналанған «Аладдин және сиқырлы шам» атты ертегі-қойылымын тамашалады.
Қойылымда Аладдиннің айлакер сиқыршының алдауына түсіп, оның тапсырмасымен жұмбақ үңгірден сиқырлы шамды алып шығуы және осы оқиғадан туындайтын таңғажайып оқиғалар көрініс табады.
Ертегі желісі арқылы жас көрермен жақсылық пен жамандықты ажыратуға, адалдыққа, батылдыққа, достық пен адамгершілікке тәрбиелейтін тағылымды ой түйді.
Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды







