• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 18:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Әділет» кандидаттары теміржолшыларға өңірлік даму жоспарларын таныстырып, партияға дауыс беруге шақырды

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
24.11.2026, 17:47
Сайлау-2026
«Әділет» кандидаттары теміржолшыларға өңірлік даму жоспарларын таныстырып, партияға дауыс беруге шақырды
2
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында «Әділет» партиясының сайлауалды кездесулері жалғасуда. Кезекті кездесу партия кандидаттары Данияр Асқарұлы, Нұрлан Темірбекұлы Сұлтанов және Бағлан Жарылқасынұлы Қыдырбаевтың «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының еңбек ұжымымен жүздесуіне арналды. Кандидаттар 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірдің инфрақұрылымдық және экономикалық дамуына қатысты жоспарларды түсіндірді.

Жұмыспен қамту және инфрақұрылым.Бағдарламада 2031 жылға дейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 63,1 мың адамды қамту, 116 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Сонымен қатар 456,5 шақырым автомобиль жолын жаңғырту, 30 елді мекенді газдандыру, 1,2 мың шақырым су құбырын жаңарту және төрт қаладағы 70,5 шақырым жылу желісін жаңғырту жоспарланған.

Цифрлық инфрақұрылым. Теміржол саласындағы белгі беру және байланыс қызметінің маңызын ескере отырып, кандидаттар цифрландыру бағытындағы міндеттерге де тоқталды. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендерді интернетпен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу, 37 жаңа базалық станция орнату және аудандық деңгейде 10 IT-хаб ашу жоспарланған. Бұдан бөлек, 164 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу және 83 шалғай ауылды 4G желісіне қосу көзделген.

Кездесу барысында кандидат Данияр Асқарұлы өңірлік инфрақұрылымды дамыту өндіріс пен көлік саласының тұрақты жұмысына қажетті жағдай қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Ал Нұрлан Темірбекұлы Сұлтанов цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру ақпарат алмасу жеделдігін арттырып, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Еңбек адамы және әлеуметтік кепілдіктер. Кездесуде теміржолшылардың еңбек жағдайы, қауіпсіздік талаптары, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер мен кәсіби біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды. Кандидаттар теміржол саласының тұрақты жұмысы білікті мамандардың еңбегімен және қауіпсіз еңбек жағдайымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Өз кезегінде ұжым өкілдері салаға қатысты сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Кандидаттар көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, өңірлік бағдарламада қарастырылған міндеттерге түсініктеме берді.

Кездесу соңында партия өкілдері еңбек ұжымын 29 қарашада өтетін Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына қатысып, «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

Ауызсу, газ, жол және ауыл тазалығы Амалбек Бейбіттің сайлауалды бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:58

Ветеринар маман Амалбек Бейбіт ауыл шаруашылығын дамыту және мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру мәселесін көтермек

24.11.2026, 14:57
Заида Рысқұлова ауылдық мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыруды ұсынды

Жастардың шығармашылық бастамалары мен ұлттық спортты дамыту Заида Рысқұлованың бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:56
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

«Әділет» кандидаттары теміржолшыларға өңірлік даму жоспарларын таныстырып, партияға дауыс беруге шақырды

24.11.2026, 17:47

Ауызсу, газ, жол және ауыл тазалығы Амалбек Бейбіттің сайлауалды бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:58

Ветеринар маман Амалбек Бейбіт ауыл шаруашылығын дамыту және мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру мәселесін көтермек

24.11.2026, 14:57

Жастардың шығармашылық бастамалары мен ұлттық спортты дамыту Заида Рысқұлованың бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:56

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.