Жамбыл ауданы әкімінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №307 өкімімен МҰРТАЗА Жалғас Алижанұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Мұртаза Жалғас Алижанұлы 1988 жылы 16 мамырда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2009 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау департаменті Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау басқармасының бухгалтері болып бастаған.
2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау департаменті Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау басқармасының сарапшысы, 2011-2012 жылдары аталған Агенттіктің Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау департаменті Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
2012 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
TURANINFO.KZ