Кəсіпкерлерге жер беру — мемлекеттік органдарының міндеті
Аудан прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін əкімшілік барьерлерді анықтауына талдау жүргізілді.
Ауданымызда 2 жыл бойы коммерциялық жерлерге аукцион өткізілмеу — сондай барьерлердің бірі болып табылады.
Талдау көрсеткендей, 2016 жылы аукцион өткізбегеніне байланысты 11 азамат, ал осы жылы 1 азамат жер телімдеріне қол жеткізе алмады.
Мұндай жағдай кәсіпкерлердің құқықтарына үлкен кедергі тигізеді, сондықтан аудан прокуратурасының бастамасымен осындай кедергілерді жоюға 04.08.2017 жылы, уәкілетті органдардың қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыста кейбір кәсіпкерлер коммерциялық жерлерге қолдарын біраз жылдар бойы жеткізе алмай жүргендерін айтып жеткізді.
Жиналыстың қорытындысымен аудан прокуроры А.Əбілдаевпен жергілікті атқарушы органдарының алдында келесі мәселелерді шешу тапсырылды.
1.Кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіретін заң бұзушылықтарға жол бермеуді және ол бойынша нақты шараларды көруді;
2.Коммерциялық санаттағы жерлер туралы ақпаратты аудан азаматтарына қол жетімді қылып жасауды, ол бойынша тиісті карталар немесе аудан əкімдігінің сайтында бос жерлерді арнайы көрсететін белгілерімен электрондық сілтеме қарастыруды;
3.Уәкілетті органмен коммерциялық жерлерді сату аукционын ағымдағы жылдың қыркүйек айының 10 жұлдызына дейін өткізілуін тапсырып, бақылауға алуды.
Жалпы, жиналыстың басты мақсаты коммерциялық санатындағы бос жерлер туралы мәліметті əр азамат ала алатындай мүмкіншілікті іске асыру.
Қайнар: Сарысу аудандық прокуратурасы.