• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
18.11.2026, 23:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таза қоғам, мықты өңір, әділ болашақ! Жұмақан Саймасайұлы

№15 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаты Жұмақан Кәкетай

turan_admin turan_admin
18.11.2026, 23:05
Сайлау-2026
Таза қоғам, мықты өңір, әділ болашақ! Жұмақан Саймасайұлы
1
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Кәкетай Жұмақан Саймасайұлы, Жамбыл облысы Қордай ауданының Кенен ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Қордай ауылында тұрамын. Өмірім мен еңбек жолымның көп бөлігі осы өңірмен тығыз байланысты.

1978 жылы Шымкент қаласындағы сауда училищесін «Сауда және жөндеу» мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолымды ауыл шаруашылығы саласында бастап, 1991 жылы «Қанағат» шаруа қожалығын құрдым. Бүгінгі күнге дейін аталған шаруашылыққа жетекшілік етіп келемін. Көпжылдық еңбек тәжірибемнің нәтижесінде ауыл шаруашылығын дамыту, жер қатынастары, суармалы сумен қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында мол тәжірибе жинақтадым.

Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегерімін, Қордай ауданының Құрметті азаматымын. Сондай-ақ «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталғанмын.

2023–2025 жылдары жергілікті мәслихат депутаты ретінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдауға, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеруге және олардың шешілуіне ықпал етуге атсалыстым.

Өмірдегі басты құндылықтарымның бірі – отбасы. Үш бала тәрбиелеп өсірген әкемін.

Мен үшін елге қызмет ету – үлкен жауапкершілік. Туған жерімнің дамуына үлес қосу, халықтың мұң-мұқтажын тыңдау, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету – өмірлік ұстанымым. Ауыл шаруашылығын өркендету, ауыл еңбеккерлерін қолдау және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды басты міндеттерімнің бірі деп санаймын.

Құрметпен, Жұмахан Кәкетай

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. 1.ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

2031 жылға дейін Степное ауылдық округіндегі жолдардың жөндеуді қажет ететін учаскелерін ретке келтіру. Абай, Аспетова, Білім, Игілік және Батыс көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізу. Елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсарту, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз ету және жолдардың сапалы күтіп ұсталуына жәрдемдесу.

2. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Степное ауылдық округінде сумен жабдықтау мәселелерін шешу, тозған инженерлік желілерді жаңарту. Ауыл тұрғындарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету және көшелерді жарықтандыру

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Степное ауылдық округі тұрғындарына жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға басымдық беру.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Степное ауылдық округі тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуге арналған арнайы сауда алаңын құруға жәрдемдесу.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Степное ауылдық округінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу. Тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және жас кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына ықпал ету.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, медициналық емханаға қосымша ғимарат салу мәселесін шешуге және шалғай ауылдарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Степное ауылдық округіндегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға, білім сапасы мен оқушыларға қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу. 2027 жылы балалар ойын және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

10. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Степное ауылдық округіндегі елді мекендерді абаттандыру, қоқыс жинау және шығару жүйесін жақсарту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. Тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық демалыс орындарын құруға және ауылдардың тазалығы мен көркеюіне басымдық беру.

Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!

Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!

Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!

Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.

Тапсырыс беруші: Ж.Кәкетай.

№15 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: Жұмақан Кәкетай
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Әнуар Керденов: «Өңірлердің әл-ауқаты – бүкіл елдің өркендеуінің кепілі!»

Әнуар Керденов: «Өңірлердің әл-ауқаты – бүкіл елдің өркендеуінің кепілі!»

18.11.2026, 23:20
Тұрақтылық. Даму. Ел игілі! Сергей Сидоренко

Тұрақтылық. Даму. Ел игілі! Сергей Сидоренко

18.11.2026, 22:48
Ел сенімі – ең басты міндет! РАМИЛЬ ДҮЙСЕҒҰЛҰЛЫ

Ел сенімі – ең басты міндет! РАМИЛЬ ДҮЙСЕҒҰЛҰЛЫ

18.11.2026, 22:33
Әділет» партиясының кандидаттары теміржолшыларымен өңірді дамытудың басым бағыттарын талқылады

Әділет» партиясының кандидаттары теміржолшыларымен өңірді дамытудың басым бағыттарын талқылады

18.11.2026, 18:49
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнуар Керденов: «Өңірлердің әл-ауқаты – бүкіл елдің өркендеуінің кепілі!»

18.11.2026, 23:20

Таза қоғам, мықты өңір, әділ болашақ! Жұмақан Саймасайұлы

18.11.2026, 23:05

Тұрақтылық. Даму. Ел игілі! Сергей Сидоренко

18.11.2026, 22:48

Ел сенімі – ең басты міндет! РАМИЛЬ ДҮЙСЕҒҰЛҰЛЫ

18.11.2026, 22:33

Әділет» партиясының кандидаттары теміржолшыларымен өңірді дамытудың басым бағыттарын талқылады

18.11.2026, 18:49

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.