• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.11.2026, 05:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жандар Тоқсаба: «Сайлауға түскен округтің алдындағы жауапкершілікті толық сезінеміз»

Бүгінде ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту мен жастардың туған жерде тұрақтап, кәсіп ашуына және баспаналы болуына жағдай жасау – өңір дамуының басты бағыттарының бірі. Осы орайда, аудандық мәслихаттың екі шақырылымының депутаты болған, жастар саясаты саласында көптеген игі бастамаларға ұйытқы болып жүрген білікті басшы, бүгінде Аса ауылдық округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Жандар Жамбылұлы Тоқсабамен сұхбаттасқан едік.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
14.11.2026, 11:30
Сайлау-2026
Жандар Тоқсаба: «Сайлауға түскен округтің алдындағы жауапкершілікті толық сезінеміз»
15
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

– Жандар Жамбылұлы, Сіз бұған дейін аудандық мәслихаттың екі шақырылымының депутаты болдыңыз. Бағдарламаңызда көшелерді жөндеу және бейнебақылау камераларын орнату сияқты мәселелер көрсетілген. Бұрынғы депутаттық өкілеттігіңіз бен қазіргі жастар орталығының басшысы ретіндегі қызметіңізде осы мәселелердің шешілуіне не кедергі болды? Егер үшінші рет сайлансаңыз, бұрыннан айтылып келе жатқан бұл шаруаларды  қалай түбегейлі шешпексіз?

 

– Мен бұған дейін Жамбыл ауылдық округінен сайланған болатынмын. Ол округке Шайқорық және Шәкен Ниязбеков ауылдары кірді, сол елді мекендерде сайлауалды бағдарламамызды жүзеге асырдық. Өзіңіз білесіз, көп ұзамай Шайқорық ауылы қала аумағына өтті. Одан кейін жол жөндеу, көше жарығын орнату секілді сайлауалды бағдарламада көзделген міндеттер түбегейлі оң шешімін тауып, халықты толғандырған мәселелер шешілді деп айта аламын. Яғни сол кезеңдегі сайлауалды бағдарлама толыққанды орындалды десек болады.

Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан түскен қосымша ұсыныстардың да оң шешілуіне ықпал еттік. Әкімдік пен халықтың арасындағы байланысты орнатып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті орындарға депутаттық сауалдар жолдап, нақты жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Шәкен Ниязбеков ауылындағы ішкі жолдар мәселесі 100 пайыз шешіліп, ауылды қаламен байланыстыратын жолдар толық жөндеуден өтті әрі жаңадан салынды.

Ал қазіргі таңда мен Аса ауылдық округі бойынша сайлауға түсіп отырмын. Бұл ретте жастар саясаты мен кәсіпкерлікті дамыту бағыттарына басымдық беріп отырмыз. Өзіміз сайлауға түскен округтің алдындағы жауапкершілікті толық сезінеміз. Сондықтан бұл жолы да сайлауалды бағдарламамызды толыққанды жүзеге асырамыз деп ойлаймын.

Ал енді сұрағыңызда айтылған жастар саясатына келетін болсақ, бұл бағытта бізге ешқандай кедергі болған жоқ. Шыны керек, қазіргі таңда 22 жоба бойынша жұмыс істеп жатырмыз, олардың ішінде түрлі санаттағы бастамалар бар.

Біз бұл жобаларды іске асыру барысында көптеген жастарды ортақ іске жұмылдыруға тырысамыз. Сол жобалар республикалық және облыстық деңгейде өз нәтижесін беріп, жастардың алға жылжуына, жан-жақты дамуына мүмкіндік жасап отыр. Олардың барлығын қазіргі таңда заманауи жастардың қызығушылығын ескере отырып, оларға нақты қажетті мәселелерді қамту мақсатында ұйымдастырдық.

– Сіз ұзақ жылдар бойы аудандағы жастар саясатын басқарып келесіз. Дегенмен, ауыл жастарының қалаға кетуі немесе тұрақты жұмыс таппауы әлі де өзекті. «Жасыл ел» маусымдық жұмыстары мен «Жастар тәжірибесі» уақытша шаралар ғой. Ауылда жастардың тұрақтап қалуы, олардың кәсіп ашуы немесе баспаналы болуы үшін қандай нақты экономикалық тетіктер ұсынасыз?

 

– Қазіргі таңда біз ауыл жастарына арнап екі ауылдық округтен жастарға қызмет көрсету орталығын аштық. Біріншісі – Гродеково ауылдық округіндегі бұрынғы әкімдік ғимаратын өзімізге алып, қайта жабдықтап іске қостық. Ол жерде жастар еркін жиналып, бас қоса алады, сондай-ақ ғимараттың сыртқы ауласынан ашық аспан астындағы кинотеатр жасадық. Жазғы мезгілде де, жыл бойы да жастарға патриоттық фильмдер көрсетіп, мазмұнды іс-шаралар өткізіп келеміз.

Сонымен қатар Күреңбел ауылдық округінен «Отбасы банкінің» кеңес беру орнын аштық, қазіргі таңда ол жерге банкпен бірлесе отырып арнайы маман оқытып жатырмыз. Бұл – ауыл тұрғындарының қалаға сабылмай, өз жерінде тегін кеңес алуына жасалған үлкен мүмкіндік. Дәл осындай қызмет Аса ауылындағы жастар орталығында да жолға қойылған: тұрғындар бастапқы депозит ашу, тұрғын үй кезегіне тұру секілді барлық мәселелерді аудан орталығынан-ақ шеше береді.

Екінші орталықты Өрнек ауылдық округіндегі бұрынғы ауыл әкімдігінің ғимаратынан аштық. Ол жерде жастарға ағылшын және түрік тілдері тегін оқытылып жатыр. Бұдан бөлек, әлеуметтік қолдау ретінде жылжымалы шаштараз ұйымдастырдық – ол көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін қызмет көрсетеді. Бұл қызмет Өрнек, Тоғызтарау және Ерназар ауылдарының тұрғындарын толық қамтиды, мамандар аптасына бір рет барып, балалардың шашын тегін алып береді. Сондай-ақ Өрнек ауылында көпбалалы аналар мен олардың балаларына тегін қызмет көрсететін сән салонын аштық.

Тағы бір маңызды бастамамыз – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған кинотеатр аштық. Ол барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Сұранысқа қарай аптасына 30-дан 50-60 балаға дейін ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға кино көрсетілімдерін ұйымдастырамыз.

Одан бөлек, неке сарайын аштық. Ауыл қыздарына арнап Аса және Қарасу ауылдық округтерінен тегін фитнес-клубтар іске қостық. Екі ауылда жастардың сұранысы бойынша би үйірмесін аштық. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы мақсатында үстел теннисі, тоғызқұмалақ, сондай-ақ садақ ату үйірмелерін де жолға қойдық.

Осының алдында «Пифагор» математикалық орталығын ашқан болатынбыз. Ол жерде жиырмаға жуық бала білім алып, облыстық және республикалық сайыстарға қатысып, республика бойынша бірінші орын иеленді. Сол секілді жекпе-жек клубын да аштық, ондағы жас спортшыларымыз да республикалық деңгейде жүлделі орындар алып жүр. Бұл жобалар қазіргі таңда өз алдына дербес, қарқынды жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар өзіміздің дыбыс жазу студиямызды іске қостық. Ал жақында кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында заманауи үлгідегі шағын коворкинг-кітапхана аштық. Онда жастар келіп, жайлы ортада кофе ішіп отырып кітап оқуына барлық жағдай жасалған.

Бір сөзбен айтқанда, осы жобалардың барлығы бүгінгі жастардың сұранысына сай заманауи форматта ұйымдастырылып, нақты нәтижесін беріп келеді. Алдағы уақытта да әлі айтылмаған көптеген жаңа бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

– Ауыл жастарын кәсіпкерлікке баулу және жұмыспен қамту – өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде мемлекет тарапынан түрлі гранттар мен бағдарламалар ұсынылуда. Дегенмен, ауылдағы жастардың көбі бұл мүмкіндіктерден бейхабар қалып жатады. Осы бағытта жастарды қолдау үшін қандай нақты жобалар қолға алынуда?

– Қазіргі таңда жастарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген несиелер және «Ауыл аманаты» секілді қолдау бағдарламалары өте көп. Біз осы мүмкіндіктерді кеңінен насихаттап, оларға жастарды көптеп тарту мақсатында жүйелі жұмыс жасап келеміз. Осы бағытта біз «Ауыл Bay» жобасын қолға алдық. Оның негізгі мақсаты – «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашып, жетістікке жеткен азаматтардың тәжірибесін жастар арасында кеңінен насихаттау. Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі таңда жастар ақпаратты көбінесе әлеуметтік желілер арқылы алады. Біз бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпай, әрі қарай да жалғастыра береміз. Барлық мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін жастарға қарапайым тілмен түсіндіру – қазір де қарқынды жүріп жатқан және алдағы уақытта да күн тәртібінен ешқашан түспейтін басты мәселелердің бірі.

– Жас отбасыларды толғандыратын тағы бір үлкен түйткіл – баспана мәселесі. Ауыл тұрғындары тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, депозит ашу немесе кеңес алу үшін қалаға сабылуға мәжбүр. Осы мәселені аудан деңгейінде жеңілдету үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Одан кейін жаңа өзіңіз тұрғын үй мәселесін атап өттіңіз. Бұл да – жастарды толғандыратын ең өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта біз «Отбасы банкімен» арнайы келісіп, менің бастамаммен екі кеңес беру орнын аштық: біреуі – жастар орталығында, екіншісі – жаңа қалашықтағы қызмет көрсету орталығында орналасқан. Бүгінгі таңда ол жерлерде тек жастар ғана емес, ауданның барлық тұрғындары тегін кеңес ала алады. Ол үшін арнайы екі маман бөлінген, қазіргі таңда «Отбасы банкі» бір маманды жұмысқа қабылдау процесін жүргізіп жатыр. Жалпы, тұрғын үй мәселесін шешу бағытында ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда: көпқабатты тұрғын үйлер мен жер үйлер салынып, кезең-кезеңімен халыққа беріліп жатыр. Біз де өз тарапымыздан осы бағыттағы түсіндіру және қолдау жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береміз.

– Уақыт бөлгеніңізге рақмет!

Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.

Тапсырыс беруші: Ж.Ж. Тоқсаба.

№3 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Самал Оңғарбайқызы: «Ауылға құр уәде емес, нақты нәтиже керек»

Самал Оңғарбайқызы: «Ауылға құр уәде емес, нақты нәтиже керек»

14.11.2026, 12:33
Индира Тоғанбаева: «Депутат — халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір»

Индира Тоғанбаева: «Депутат — халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір»

14.11.2026, 09:28
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Самал Оңғарбайқызы: «Ауылға құр уәде емес, нақты нәтиже керек»

14.11.2026, 12:33

Жандар Тоқсаба: «Сайлауға түскен округтің алдындағы жауапкершілікті толық сезінеміз»

14.11.2026, 11:30

Индира Тоғанбаева: «Депутат — халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір»

14.11.2026, 09:28

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57

Таразда заманауи АІ-кеңсе ашылды

13.11.2026, 19:07

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.