• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«Қант қызылшасының қоректену жүйесі» туралы семинар өтті

01.08.2017
0
«Қант қызылшасының қоректену жүйесі» туралы  семинар өтті
450
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы мен «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС Меркі ауданы Сұрат ауылында «Қант қызылшасының қоректену жүйесі» туралы семинар өткізді. Семинарға Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Шу ауданынан келген 150-ден астам қант қызылшасын өндірушілер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты.
«Еврохим» минералды тыңайтқыштарды шығаруда Еуропа нарығында үздік үштіктің құрамында және әлемдік нарықта 10 мықтылардың қатарында. Еврохим зауытының Еуропа, Солтүстік эәне Оңтүстік Америкада өзінің өткізу жүйесі мен Ресей Федерациясында және ТМД елдерінде АгроОрталық форматындағы дамыған өткізу жүйелері бар. Агроорталықтардың қойма кешендерінде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері үшін қажетті химиялық өнімдердің түр-түрі қарастырылған.
Ал, Қазақстанда «ЕвроХим» Химиялық кешеннің масштабты инфестициялық жобасын жүзеге асыруда. Жоба — азот, фосфор, калий және мезо-микроэлементтерден тұратын минералды тыңайтқыштарды шығаруға бағытталған.
Бүгіннің өзінде «Еврохим Қаратау» компаниясы Қазақстанда іске қосылмақ бұрын, минарлды тыңайтқыштардың бірқатарын Ресей Федерациясында Еврохим компаниясының өндірістік мекемелеріне ұсынуда.
Қазіргі таңда нитроаммофосканың түрлі маркілері, аммиакті селитра, карбамид, сульфоаммофос тіркелген және қолданысқа дайын, сонымен қатар минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы бойынша да қолдануға болады. Тамырдан тыс жемтік үшін «Еврохим-Қаратау» ЖШС Нутрибор және Нутримикстан тұратын, сондай-ақ, суда еритін моноаммонийфосфат, монокалийфосфат, сульфат калия және тағы басқа жоғары микроэлементтерден тұратын өнімдерді ұсынады.
«2016 жылдан бастап «Еврохим Қаратау» ЖШС Қазақстанның климаттық ахуалына ескере отырып ауылшаруашылық дақылдар үшін түрлі қоректену жүйесін дайындап келеді. 2017 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан «Сыпатай батыр» ЖШС қант қызылшасының 12 гектар жеріне азот, фосфор және калийдан тұратын 23:13:8, 14:14:23 нитроаммофоска төселіп түздік тәжірибе жүргізілді. Гектарынан 800 центнер қант қызылшасы жиналады деп күтілуде, осылайша дәстүрлі қоректену жүйесіне 30 пайыз үстеме түсіреді. Тыңайтқыштарды қолданудың бұл жүйесінің арқасында түсім мол болады, өнім сапасы да артады, онымен қоса ауылшаруашылығы тауарөндірушілердің табысын арттырып, жердің құнарлылығын сақтап қалуға септеседі», — дейді «ЕвроХим Қаратау» ЖШС сату бөлімінің маманы Қанат Канафин.
Қанат Қайыржанұлы жүргізілген тағы бір жемісті тәжірибеге тоқталып өтті. — Былтыр нитроаммофоска 23:13:8 минералды тыңайтқышы қолданылған Баузақ ауданындағы «Байназаров и К» шаруа қожалығына қант қызылшасы астығын гектарына 80 тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік берді. Сол себепті де бүгінде біз сенімді түрде Еврохим компаниясының тыңайтқыштарын қант қызылшасын өндірушілеріне ұсынып отырмыз», — деп толықтырды.
Жақында Франция, Туркия, Қытай елдеріне барып, қант қызылшасын өндірушілермен тәжірибе алмасып қайтқан Қанат Шайхиев — «Сыпатай батыр» ЖШС директоры «ЕвроХим Қаратау» ұсынған минералды тыңайтқыштарының қолданылуын құптайды.
– «Былтыр біз жаңбырлатып суару технологиясын пайдаланып 200 гектар жерге авантаж сұрыпты қант қызылшасын егіп, гектарынан 504 центнер қызылша жинаған болатынбыз. «Еврохим Қаратау» химия зауытынан құрамын азот, фосфор, калий бар нитроаммофосты қолданып, нәтижесінде биыл гектарынан 800 центнер өнім жинаймыз деп сенеміз. Топырақ қаншалықты құнарлы болғанмен қажетті минералды тыңайтқыштарсыз мол өнім бермейді».
Жамбыл облысының әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары Ерлан Құлкеевтің мәліметінше, қант қызылшасында озық технологиялардың қолданылуы – өнім көлемінің артуына ықпал етуде. Атап айтқанда, 1555 га жерге тамшылатып, ал 1325 гектарға жаңбырлатып суару әдісі арқылы өсірілуде. Өткен жылы 5,6 мың га. жерден 104 мың тоннадан астам қант қызылшасы жиналса, биыл 9,6 мың гектар жерге егілді. Сонымен қатар, биыл мемлекетте зиянкестерді алдын алу және топырақтың құнарлылығын арттыру мақсатында пестицидтердің яғни ең төменгі нарықтық бағаны құрайтын тыңайтқыштар түрлерінің 50 пайызы субсидияланады, ал бұрын мемлекет тарапынан 50 пайыз отандық және 30 пайыз тыңайтқыштардың санаулы ғана түріне берілетін.
«Еврохим Қаратау» ЖШС елімізде болашағынан зор үміт күттіретін жаңа инвестициялық жоба. Өсімдік күтім мен баптау, құнарлы топырақ пен өсуіне қажет дәрумендердің барлығыбо бойында жеткілікті болған жағдайда ғана тамырын тереңге жайып, лайықты өнім береді. Осы орайда өсімдік, әсіресі бүгінгі жиынның себепшісі – тәтті қызылшасының өсуі үшін азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын пайдалану аса маңызды. Ал құрамында аталған маңызды элементтердің барлығы бар сульфоаммомос кешенді минералды тыңайтқышын «Еврохим Қаратау» химия компаниясы шығармақ. Бұл нәпақасын жер анадан тауып жүргендер үшін керек дүние.»
Семинарға Шу ауданынан келген Шәріп Бірімқұлов «Дархан» ШҚ иесі диханшылардың қызылшаны егудің ескі әдістерін пайдаланып, әлі күнге дейін селитраны ғана қолданып келетіндерін жасырмады. Ақсу ауылдық округі бойынша 80 га жерге қант қызылшасы егілген екен, енді «Еврохим Қаратау» ЖШС ұсынып отырған минералды тыңайтқыштарды келер жылы қолданамыз деген ниеттеміз – дейді.
Семинардың соңында қатысушылардың арасында белсенділік танытқандарға «Еврохим Қаратау» ЖШС-нен тыңайтқыштарды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін сертификат табысталды.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
Аида Балаева

Балаева #Анағақұрмет пост жазу эстафетасын бастады

10.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

10.05.2025
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты