• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
22.11.2026, 17:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалда бағдарламасы

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
09.11.2026, 19:11
Сайлау-2026
20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалда бағдарламасы
37
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өнеркәсіптік әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру. Бұл – «Әділет» партиясының Жамбыл облысын 2031 жылға дейін дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі міндеттердің бірі. Осы басымдықтар Талас ауданындағы «Talas Investment» кәсіпорнының еңбек ұжымымен өткен кездесуде талқыланды.

Жүздесуге Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар Әлібеков Серік Айдарұлы мен Кариева Шолпан Қайратқызы қатысып, кәсіпорын қызметкерлеріне бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесу барысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және еңбек адамдарының жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Жамбыл облысы республикадағы бірқатар өнеркәсіп өнімдерін өндіруде жетекші орын алады. Атап айтқанда, өңір кәсіпорындары еліміздегі сары фосфор, натрий триполифосфаты және цианид өндірісінің 100 пайызын, фосфорлы минералды тыңайтқыштардың 94,3 пайызын және қант өндірісінің 40,2 пайызын қамтамасыз етеді. Осы әлеуетті тиімді пайдалану және өнеркәсіптің тұрақты дамуына жағдай жасау партияның өңірлік бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі.

Бағдарламада 2031 жылға дейін Тараз, Қаратау, Жаңатас және Шу қалаларындағы 70,5 шақырым жылу желісін жаңғырту көзделген. Бұл жылу желілерінің тозу деңгейін 53 пайыздан 44,3 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталған қалаларда кәріздік тазарту құрылыстарын салу жоспарланған. Бұл бастамалар коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсартып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Кездесу барысында кандидат Серік Әлібеков өндірістік әлеует пен инфрақұрылымды дамыту өзара байланысты міндеттер екенін атап өтті.

«Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуеті жоғары. Бұл мүмкіндікті толық пайдалану үшін өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасап, инфрақұрылымдық мәселелерді кезең-кезеңімен шешу қажет. Бағдарламада жылу желілерін жаңғырту және кәріздік тазарту құрылыстарын салу бойынша нақты міндеттер қарастырылған. Олардың жүзеге асуы тұрғындардың өмір сапасына да, кәсіпорындардың жұмысына да оң әсер етеді», – деді кандидат.

Жұмыспен қамту мәселесі де өңірлік бағдарламаның басым бағыттарының бірі. Құжатқа сәйкес, 2031 жылға дейін 116 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған. Жаңа өндіріс орындарын ашу мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өңір экономикасының дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына және табысының артуына мүмкіндік береді.

«Өңірдің дамуы ең алдымен өндіріс орындарының өркендеуімен және жаңа жұмыс орындарының ашылуымен тығыз байланысты. Инвестиция тарту, кәсіпорындардың жұмысын қолдау арқылы тұрғындарға тұрақты еңбек етуге мүмкіндік жасауымыз керек. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды жолы», – деп атап өттіШолпан Қайратқызы.

Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидаттар көтерілген мәселелерге жауап беріп, өңірлік бағдарламаның басым бағыттарын түсіндірді.

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, инвестиция тартуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25
Бакаев: Туған жердің болашағы – ортақ жауапкершілігіміз!

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45
Алмат Сатышев: Болашаққа – сенімді қадаммен

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42
Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

Катира Увалиеваның сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.