• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
22.11.2026, 17:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

turan_admin turan_admin
09.11.2026, 16:42
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
12
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Жамбыл облысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру мақсатында ақпараттық топ мүшелері Тараз қаласы, Байзақ және Жамбыл аудандарының тұрғындарымен, агроөнеркәсіптік кешен және білім беру салаларының өкілдерімен, жастармен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Ақпараттық топ құрамында Құрылтай депутаты Әбілхайыр Тамабек, Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері Уалихан Болатбек пен Лугмар Буларов, сондай-ақ бейінді ведомстволардың, оның ішінде Су ресурстары және ирригация, Энергетика министрліктерінің вице-министрлері болды.

Кездесулер Тараз қаласындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде, «Анаға тағзым» орталығында, «Таразэнергоорталық» АҚ-да, Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде және №67 мектепте, сондай-ақ Байзақ ауданының Көктал ауылында және Жамбыл ауданының Аса ауылында өтті. Жиындарда су тапшылығын азайту, ирригациялық жүйелерді жаңғырту, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, өндірісті дамыту және тұрғындарды толғандырған әлеуметтік-инфрақұрылымдық мәселелер талқыланды.

ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Су кодексі қабылданып, су заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейтілген. Қазіргі уақытта ирригациялық желілерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл жүздеген мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын қолдану ауқымы кеңейіп, соның нәтижесінде бір миллиард текше метрден астам су үнемделген.

Құрылтай депутаты Әбілхайыр Тамабек су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесінің Жамбыл облысы үшін айрықша маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, облыс аумағының үштен бір бөлігіндегі халық пен шаруашылық нысандары жер асты суларын пайдаланады. Алайда бұл қор шексіз емес. Сондықтан су тұтынуды бақылауды күшейтіп, әрбір су көзін ұтымды пайдалану қажет.

Сондай-ақ депутат Мемлекет басшысының Жолдауында Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру жұмыстарын жедел аяқтау жөнінде тапсырма берілгенін атап өтті. Бұл жүйе су көлемін нақты есепке алуға, оны тиімді басқаруға және су тарату желілеріндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Кездесулер қорытындысында ақпараттық топ мүшелері Жолдауда белгіленген міндеттердің орындалуы нақты нәтижелермен өлшенуі керектігін атап өтіп, тұрғындар мен сала мамандары көтерген мәселелерді бірлесіп шешудің маңыздылығына назар аударды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.