• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
22.11.2026, 17:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Самал Байкеева: үш ауылдың дамуы – басты назарда

№13 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат Байкеева Самал Оңғарбайқызы.

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
07.11.2026, 04:34
Сайлау-2026
Самал Байкеева: үш ауылдың дамуы – басты назарда
69
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өмірбаяны

Байкеева Самал Оңғарбайқызы 1987 жылғы 16 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Аса ауылында дүниеге келген.

Жоғары білімді. 2004–2008 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында білім алып, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын меңгерген.

Еңбек жолы

Самал Байкеева еңбек жолын 2008 жылы «Отан» партиясының Жамбыл аудандық филиалында қызметкер болып бастаған.

2009–2025 жылдары Аса ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

2025 жылдың тамыз айынан бастап Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарып келеді.

2024 жылы «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын аяқтаған.

Жамбыл облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты болған.

2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы

Самал Байкееваның сайлауалды бағдарламасы «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген.

Кандидат Өрнек, Тоғызтарау және Ерназар ауылдарының өзекті мәселелерін жүйелі түрде көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуді, сондай-ақ атқарылатын жұмыстардың сапасы мен орындалу барысын бақылауды көздейді.

Бағдарламада жол инфрақұрылымы, коммуналдық қызметтер, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, медицина, мәдениет, білім беру, әлеуметтік қорғау, байланыс және жастар саясаты қамтылған.

1. Жолдар мен көлік қатынасы

2029 жылға дейін «Құмтиын – Өрнек – Ерназар» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 9–16,5 шақырым аралығындағы бөлігін орташа жөндеуге ықпал ету жоспарланған.

Сонымен қатар Өрнек, Жұма, Ерназар, Тоғызтарау және Жаңа Өткел елді мекендерінің ішкі көшелерін ағымдағы және орташа жөндеуден өткізу көзделген.

Өрнек, Ерназар және Тоғызтарау ауылдарынан аудан орталығы Аса ауылына және Тараз қаласына көлік қатынасын жақсарту, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз ету де бағдарламаға енгізілген.

2. Ауызсу, электр энергиясы және газбен қамту

Өрнек, Ерназар, Тоғызтарау және Жаңа Өткел ауылдарындағы жеке тұрғын үйлерді ауызсумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге ықпал ету көзделген.

Сондай-ақ ауылдарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру аясын кеңейту жоспарланған.

Бағдарламадағы маңызды міндеттердің бірі – Тоғызтарау және Жаңа Өткел ауылдарын толық газдандыруғаықпал ету.

3. Қолжетімді несие және ауыл кәсіпкерлігі

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу көзделген.

Жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға қолдау көрсету жоспарланған.

4. Ауыл шаруашылығын қолдау

Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру көзделген.

Бағдарламада тамшылатып суару технологиясын шаруаларға үйрету арқылы жаз мезгіліндегі суармалы су тапшылығын азайтуға ықпал ету міндеті қойылған.

Сонымен қатар ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелері қамтылған.

5. Жаңа жұмыс орындары және тұрғындардың табысы

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсету жоспарланған.

Сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу көзделген.

6. Қолжетімді әрі сапалы медицина

Ауылдардағы медициналық мекемелерді орташа және күрделі жөндеуден өткізуге, олардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға ықпал ету жоспарланған.

Сонымен қатар бейінді дәрігерлер қызметінің және шалғай елді мекендердегі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру көзделген.

7. Мәдениет және спорт инфрақұрылымы

Бағдарламада Тоғызтарау ауылында заманауи орталық алаң салуға ықпал ету көзделген.

Бұл алаң тұрғындардың бас қосуына, мерекелік және қоғамдық іс-шаралар өткізуге арналған абаттандырылған қоғамдық кеңістік ретінде ұсынылған.

Сонымен қатар ауылда ангар үлгісіндегі спорт кешенін салуға ықпал ету жоспарланған.

8. Заманауи мектептер және балаларға қолайлы жағдай

Б. Тайшапұлы атындағы орта мектептің спорт алаңдарын жаңарту, оқушылардың спортпен тұрақты айналысуына қауіпсіз жағдай жасау көзделген.

Өрнек ауылында жаңа балалар ойын алаңын салуға ықпал ету де бағдарламадағы нақты бастамалардың бірі.

Сондай-ақ Б. Тайшапов және Б. Кейкіев атындағы орта мектептердің, Жұма бастауыш мектебінің, «Гүлдер», «Жас қанат» және «Жәнібек» балабақшаларының материалдық-техникалық базасын жақсартуға жәрдемдесу жоспарланған.

Білім беру ұйымдарына апаратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар мен спорт алаңдарын дамыту мәселелеріне де назар аударылған.

9. Әлеуметтік қорғау және отбасыларды қолдау

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру көзделген.

Сонымен қатар әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту және аудан мекемелерінде кедергісіз орта қалыптастыруға жәрдемдесу жоспарланған.

10. Сапалы байланыс пен интернет

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту, шалғай елді мекендердегі байланыс желілерінің қамту аясын кеңейту көзделген.

Атап айтқанда, Тоғызтарау, Жаңа Өткел ауылдары мен Жұма станциясында жоғары жылдамдықты 4G байланысының қамту аясын кеңейтуге ықпал ету жоспарланған.

Сондай-ақ ауылдық мекемелерді цифрландыру және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру міндеттері белгіленген.

11. Жастарды қолдау

«Жасыл ел» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары аясында жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету көзделген.

Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыру, қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалану және олардың қолжетімділігін арттыру жоспарланған.

Кандидаттың ұстанымы

Самал Байкеева өз бағдарламасында тұрғындармен ашық байланыс орнатуға, әр ауылдың мәселесін ескеруге және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға басымдық беретінін атап көрсетеді.

Кандидат ұсынылған бастамалардың ауданның даму жоспарлары мен бюджетінде ескерілуіне ықпал етуді және тұрғындар алдында ашық есеп беруді көздейді.

Бағдарламаның негізгі ерекшеліктері – Өрнек, Тоғызтарау және Ерназар ауылдарының жолдарын жөндеу, Тоғызтарау мен Жаңа Өткелді газдандыру, Тоғызтарауда қоғамдық алаң мен спорт кешенін салу, білім беру ұйымдарының жағдайын жақсарту және шалғай ауылдарды сапалы интернетпен қамту мәселелеріне назар аударылуы.


Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.

Тапсырыс беруші: С.О. Байкеева.

№13 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: С.О. Байкеева.
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25
Бакаев: Туған жердің болашағы – ортақ жауапкершілігіміз!

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45
Алмат Сатышев: Болашаққа – сенімді қадаммен

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42
Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

Катира Увалиеваның сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.