Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облысы Департаментімен Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің бастығы К. Кушановқа қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды.
Басқарма бөлімінің бастығы К.Кушанов, лауазымды тұлға ретінде, жеке кәсіпкерлікт3 қызметті тоқтату үшін азаматтан 80 мың теңге сомасында қолма-қол ақша бопсалаған.
Тергеу әрекеттері нәтижесінде К. Кушанов 80 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды.
К. Кушанов Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бабпен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған параның 50 (елу) еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 4 000 000 (төрт миллион) теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Қайнар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облысы Департаментінің баспасөз хатшылығы