• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жергілікті полиция – жемісті жұмыс кепілі

turan_admin turan_admin
14.07.2017, 00:57
Абырой, Облыс жаңалықтары
Жергілікті полиция – жемісті жұмыс кепілі
261
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жергілікті полиция – жемісті жұмыс кепілі

Облыс әкімі К.Көкрекбаевпен бекітілген Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің 2017 жылдың II жартыжылдығына арналған баспасөз-конференцияларының кестесіне сәйкес «Жергілікті полиция- жемісті жұмыс кепілі» тақырыбында брифинг өткізілді.
Аталмыш шараға Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Бақытжан Халилұлы Бейсеев, ЖПҚ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Арынұлы Үдергенов, ЖПҚ жол жүрісін қадағалауды ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Ғалымжан Сейтжанұлы Жолдасбеков, сондай-ақ ЖПҚ жеке құрамы мен облыстық Ішкі саясат басқармасы және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында ІІД ЖПҚ бастығы Б.Бейсеев баяндама жасап, жергілікті полиция қызметінің алты айдағы жұмыс қорытындысы және көрсеткіштері туралы атап өтті.
Баяндама соңында журналистер тарапынан әкімшілік құқықбұзушылық, жол жүрісі ережелеріне енгізілген толықтырулар мен өзгерістер және жаз мезгіліндегі демалысқа байланысты лагерьлердегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы сұрақтар қойылып, жергілікті полиция қызметі басшылығы сауалдарға тұшымды жауаптарын ұсынды.
Жалпы, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі өз қызметін бастағалы құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Және бұл іс-шаралар оң нәтижесін көрсетуде. Атап айтсақ, «Құқықтық тәртіп», «Шартты», «Есеп», «Жасөспірім»,«Отбасы және мектеп», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Мирас» атты жедел-профилактикалық іс-шараларының жүргізілуі облыстағы криминогендік жағдайдың бірқалыпқа түсуіне және көрсеткіштердің төмендеуіне өз септігін тигізуде. Мәселен, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыс көрсеткіші 8 559-дан 6 889-ға, яғни 19,5 пайызға төмендеген. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар – 22,6 пайыз, ауырлығы орта дәрежедегі қылмыстар- 16,4 пайыз, ауыр емес қылмыстар – 31,8 пайызды құрап отыр. Қоғамдық орындар мен көшелерде орын алатын қылмыстар көрсеткішінің жоғарылауына жол берілмеуде. Мас күйінде және адамдар тобы мен жасөспірімдер арасында болатын қылмыстар саны біршама азайған.
Жаз мезгіліндегі демалыстар жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмыс ауқымын арттыруға өз ықпалын тигізуде. Жазғы лагерьлерде демалушы жасөспірімдердің көбеюіне байланысты облыстағы 9 лагерьде (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі аудандары) қоғамдық тәртіп пен балалардың және лагерь қызметкерлерінің жеке бас және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерінен тәулік бойғы күзет қойылды. Қазіргі кезде аталған лагерьлерде 1668 бала бар, оның ішінде 83-і ІІБ есебінде, 43-і мектепішілік есепте тұр, сондай-ақ 164-і жайсыз отбасы балалары. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткішін азайту мақсатында ІІД жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен облыс әкімдігі, денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бірге «Жасөспірім және мектеп» кең көлемді акциясы өтті. Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы суицид 21,4 пайызға төмендеді. (20-дан 8-ге дейін).
Сондай-ақ, есептік кезеңде қабылданған бірқатар шаралардың нәтижесінде облыс аумағында ұрлық қылмыстар саны -14,9 пайызға (4803-тен 4089-ға) төмендеген.Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылуда.
2017 жылдың 6 айы қортындысы бойынша облыстағы жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші 4 пайызға төмендегені байқалады, оның ішінде қайтыс болғандар саны 33,3 пайызға, зардап шеккендер 5,3 пайызға азайған.
Жергілікті полиция қызметі қойылған мақсаттарды орындауда және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, азаматтардың сенімін ақтауда нәтижелі жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра беретін болады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.