• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тоқаев: Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығаруға дайын

Президент «Синьхуаға» берген эксклюзивті сұхбатында Қытаймен байланыс, Орта дәліз, жасанды интеллект және жаңа жобалар туралы айтты.

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
02.09.2026, 10:08
Әлем жаңалықтары
Тоқаев: Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығаруға дайын
20
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас бүгінде бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті. Астана Пекинмен мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті дәйекті түрде нығайтып, оны жаңа мазмұнмен толықтыруға және ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуға дайын. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевжақында «Синьхуа» агенттігіне берген эксклюзивті жазбаша сұхбатында мәлімдеді.

Президент Қазақстан мен Қытайды ұзын-сонар ортақ шекара мен ғасырлар бойғы тату көршілік тарихы байланыстыратынын атап өтті.

Қазақтың белгілі мақалы бар: “Жолы бірдің – жүгі бір”. Дәл осындай қарым-қатынас екі ел халқының түбегейлі мүдделеріне сай келеді әрі Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызды факторы қызметін атқарады, – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си ЦзиньпингеҚазақстанға деген жылы қарым-қатынасы үшін шынайы алғысын білдірді.

Біздің тұрақты саяси диалогымыз қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің негізгі өзегіне айналды, – деп қосты Президент.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке қатысты баға берді.

Біздің стратегиялық серіктестігіміз шын мәнінде жан-жақты сипатқа ие болды. Ол сауда, инвестиция, энергетика және көліктен бастап өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, медицина, ғылым, білім және мәдениетке дейінгі барлық негізгі салаларды қамтиды, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттықтың жаңа рекордтар орнатып келе жатқанын айтты. Қытай Қазақстанның сыртқы сауда серіктестері арасында бірінші орында тұр.

Стратегиялық бағыттардың бірі – көлік және логистика. Қазақстан Шығыс пен Батысты байланыстыратын табиғи көпір саналады.

Қытайлық серіктестермен бірлесіп, біз бұл географиялық артықшылықты Еуразия ауқымындағы заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымға айналдырып жатырмыз. “Белдеу және жол” мегажобасын, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, жаңа теміржол желілерін салу, құрғақ порттар мен логистикалық терминалдарды кеңейту, шекара инфрақұрылымын жаңғырту Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланыстарының мүлде жаңа конфигурациясын қалыптастыруда, – деді ол.

Қазақстан Президентінің айтуынша, ынтымақтастықта Транскаспий халықаралық көлік бағыты немесе Орта дәліз басым бағыттардың біріне айналып отыр. Ол Қытай мен Еуропа арасындағы көлік қатынасының аса маңызды буынына айналуда.

Біздің ортақ міндетіміз – бұл бағытты барынша бәсекеге қабілетті ету. Сондықтан «ақылды кеденді» енгізуге, құжат айналымын цифрландыруға, ақпараттық жүйелерді синхрондауға және шекарадағы рәсімдерді автоматтандыруға ерекше мән береміз, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимыл жаңа сапалық деңгейге көтеріліп келеді. Бүгінде ынтымақтастықтың ауқымы нақты сектордағы дәстүрлі байланыстардан бастап цифрлық экономика саласындағы әріптестікті дамытуға дейінгі барған сайын кең бағыттарды қамтып отыр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, ынтымақтастықтың технологиялық өлшемі ерекше маңызға ие болуда. Қытай жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, робототехника, энергияның жаңа көздері және жоғары технологиялық өндіріс салаларында әлемде жетекші орындардың бірін иеленеді. Ал Қазақстан жедел цифрлық трансформация бағытын қолға алды.

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

Жақында Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияға қатысу үшін Шанхайға жасаған сапарым барысында Қытайдың жетекші технологиялық компанияларының басшыларымен мазмұнды кездесулер өткіздім. Цифрлық экономика, зияткерлік өндіріс, электронды коммерция, ғылыми зерттеулер және кадр даярлау салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара қызығушылық бар екені анықталды. Дәл технологиялық ынтымақтастық қазақ-қытай байланыстарының жаңа кезеңіндегі аса маңызды бағыттардың біріне айналуы мүмкін, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект бүкіл адамзаттың дамуына қызмет етуі тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттер заманауи технологияларға, білімге және есептеу ресурстарына әділ қол жеткізе алуы қажет.

Бұл мәселеде біздің ұстанымдарымыз Қытайдың ұстанымымен үндеседі. Биыл шілде айында Шанхайда Қазақстан Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (WAICO) негізін қалаушы 29 мемлекеттің қатарына кірді. Бұл жасанды интеллект саласындағы елдердің күш-жігерін үйлестірудің ашық әрі тиімді халықаралық жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам, – деп атап өтті ол.

Қазақстан мен Қытай халықаралық аренада да қарқынды өзара іс-қимыл жасап келеді.

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық рөлін нығайту, халықаралық құқық қағидаттарын қорғау, медиация мен шынайы көпжақтылықты ілгерілету, сондай-ақ қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол Қазақстанның «Біртұтас Қытай» саясатын берік ұстанатынын және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатының бұзылуына қарсы екенін атап өтті.

Қазақстан БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК аясында Қытаймен үйлесімді іс-қимылды жалғастырады және «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ынтымақтастықты толық қолдайды.

Президент биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25 жылдығынатап өтіп жатқанын айтты.

Ұйым ең маңызды құндылық – өзара сенімге, теңдікке, диалогқа, мәдени әралуандықты құрметтеуге және бірлескен дамуға ұмтылуға негізделген «шанхай рухын» сақтап қалды.

Ол бұл қағидаттарды халықаралық ынтымақтастықтың «стандарты» ретінде қарастырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толатынынатап өтті.

Ресми саяси және экономикалық байланыстармен қатар, екі ел азаматтарының тікелей байланыстары да белсенді дамып келеді. 2026 жылы Қазақстан мен Қытай арасында «Мәдениетаралық жылын» өткізу осы үрдістің жарқын дәлелі болды.

Мемлекет басшысы бүгінде ондаған мың қазақстандық студенттің Қытайда білім алып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар қытай азаматтарының Қазақстан университеттерін таңдау саны да артып келеді.

Қазақстанда Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары табысты жұмыс істеп жатыр. «Лу Бань шеберханалары» жұмысын жалғастыруда, академиялық ұтқырлық пен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық бағдарламалары кеңейіп келеді.

Өзара визасыз режимнің енгізілуі туризмнің дамуына елеулі серпін берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға келген қытайлық туристердің саны 962 мың адамға жетті. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 47 пайызға көп.

Біз қытайлық достарымызға Қазақстанды бүкіл сан қырынан көрсеткіміз келеді – заманауи Астана мен ежелгі Түркістанды, Алматының таулары мен Маңғыстаудың бірегей ландшафттарын, Ұлы даланы және Ұлы Жібек жолының мұрасын, музыкамызды, ұлттық аспаптарымызды, тағамдарымыз бен қонақжайлық дәстүрлерімізді таныстырғымыз келеді.

Сонымен бірге Қазақстан да ежелгі өркениет елі, бүгінде дамудың таңғаларлық үлгісін көрсетіп отырған мемлекет ретінде Қытайды үлкен қызығушылықпен танып-біліп келеді, – деп сөзін қорытындылады Президент.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевҚытай
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Непалдағы жойқын апат: Із-түзсіз кеткен қазақстандықтардың саны артты

Непалдағы жойқын апат: Із-түзсіз кеткен қазақстандықтардың саны артты

28.08.2026, 15:42
Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

17.08.2026, 09:59

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.