• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бұл сайлауға жоғары баға беремін – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары

Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауын бақылауға келген халықаралық байқаушылар дауыс берудің ұйымдастырылуына назар аударды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
23.08.2026, 12:58
Қазақстан жаңалықтары
Бұл сайлауға жоғары баға беремін – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары
26
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауын бақылауға келген халықаралық байқаушылар дауыс берудің ұйымдастырылуына назар аударды. Солардың қатарында Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Сикандар Сұлтан Раджа да бар. Ол Астана қаласындағы 228 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын бақылап, сайлаудың ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.

Оның айтуынша, сайлау учаскелеріндегі ұйымдастыру деңгейі мен тәртіп мәселесі ерекше әсер қалдырған. Пәкістандық байқаушы бақылау барысында сайлау процесіне қатысушылармен пікір алмасып, олардың атқарып жатқан жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтынына көз жеткізген.
«Біз жаңа ғана сайлау учаскесінде болдық. Ондағы тәртіп пен ұйымдастыру деңгейі бізге өте жақсы әсер қалдырды. Сонымен қатар халықаралық байқаушылардың бұл процеске үлкен қызығушылық танытып отырғанын көрдік», деді Сикандар Сұлтан Раджа.


Халықаралық байқаушының айтуынша, әртүрлі мемлекеттердің өкілдері Қазақстандағы сайлау процесіне қызығушылық танытып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Қазақстанның сайлау жүйесіндегі цифрлық шешімдерге де назар аударған. Орталық сайлау комиссиясының цифрлық жобаларымен танысу барысында бірқатар бастамалардың халықаралық тәжірибе тұрғысынан қызығушылық тудырғанын атап өтті.

«Біз Орталық сайлау комиссиясының цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарымен таныстық. Бұл біз үшін де пайдалы болды. Көптеген бастамаларды озық тәжірибе ретінде қарастыруға болады. Біз бұл жерден көп нәрсе үйрендік», — деді шетелдік байқаушы.
Қазақстанда сайлаушыларға ақпарат беруді және сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдететін цифрлық сервистер де қолданылуда. Мәселен, ОСК сайлаушылардың сайлау учаскесіндегі тіркелуін тексеруге мүмкіндік беретін онлайн сервистерді іске қосқан.
Сөз соңында Сикандар Сұлтан Раджа Қазақстандағы Құрылтай сайлауы елдің дамуы мен мемлекеттің нығаюына оң әсерін беретін тілге тиек етті.


«Мен бұл сайлауға жоғары баға беремін. Өйткені осы сайлау арқылы жалпы сайлаушылардың өкілдері тікелей сайланады. Менің ойымша, бұл елдің одан әрі дамуына және мемлекеттің нығаюына ықпал етеді. Себебі бұл – қоғамның кең топтарының қатысуын қамтамасыз ететін неғұрлым инклюзивті сайлау болады», — деді Пәкістан Бас сайлау комиссары.
Бұл сайлау Қазақстанның жаңа бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтайды қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі сайлау науқаны аясында 145 депутатты сайлау көзделген.
Сондықтан шетелдік байқаушылар үшін бұл науқанның мәні тек дауыс беру процесін бақылаумен шектелмейді. Олар жаңа саяси институттың қалай қалыптасып жатқанын, сайлау технологияларының қалай қолданылатынын және азаматтардың сайлау процесіне қатысуын да бағалап отыр.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.