Екі сағатқа созылған әсерлі әңгіме барысында бүгінгі қоғам үшін маңызды бірқатар өзекті мәселелер қозғалды. Сұхбат өзегі жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін берік сақтау тақырыптарына арналды. Сондай-ақ генерал-майор өзінің балалық шағы туралы есті естеліктерімен бөлісіп, полиция мамандығын таңдауына не түрткі болғанын айтып берді. Жүздесу аясында мектеп оқушысына Полиция департаментінің музейі таныстырылып, өңірлік полиция тарихы мен бұл қызметтің ішкі ерекшеліктері кеңінен көрсетілді.
Мазмұнды кездесуден кейін жас тілші өзінің журналист болу арманымен қатар, тәртіп сақшыларының жауапты жұмысына деген қызығушылығы арта түскенін, тіпті болашақта полиция қызметкері болуды да ойластыра бастағанын жасырмады. Бұл жүздесу мектеп оқушысы үшін өзінің кәсіби арманына жасалған маңызды әрі батыл қадам болды. Осындай танымдық кездесулер өскелең ұрпақтың елге қызмет етуге деген ынтасын шыңдап, болашақ мамандығын саналы түрде айқындауға зор ықпал етеді.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды







