Меркідегі маңызды мәселелер шешілді
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы айтты.
Спикердің сөзіне сүйенсек,жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі. – «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Халықаралық көлік дәлізі бойындағы жол сервистік нысандар желісін дамыту үшін жеке кәсіпкер Арман Баймуханбетовке «Жылы-Бұлақ» ЖШС жерінен «А» категориялы кемпинг құрылысын жүргізу үшін 7,5 гектар жер учаскесі берілді. Жоба құны шамамен 700 млн. теңге көлемінде. Құрылыс жұмыстарының басталуы 2017 жылдың IІ-жарты жылдығы деп жоспарлануда.
Жеке меншік тұрғын үй саласы бойынша 2017 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 9838 м2 тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, мүлік құны 442 710,0 мың теңге болды.
Бүгінгі күнге, Меркі ауданындағы 44 ауылдың 9 ауылына бас жоспар және 33 ауылына оңайлатылған бас жоспар жасалынды, 2 елді мекенде тұрғындардың саны 100 адамға жетпеуіне байланысты бас жоспарлар жасалынбайды (Шемен 39 адам, Тасөткел 57 адам).
Сарымолдаев ауылындағы 31 гектар жерге инженерлік инфрақұрылым (электр жүйесі, қиыршық тас жол) құрылысының жобалау сметалық құжаттары сараптамадан өтуде. Мемлекеттік сараптама қорытындысы 2017 жылдың шілде айында дайын болуы тиіс.
Ақтоған ауылынан 60 гектар және Сұрат ауылынан 30 гектар жерлерге инженерлік инфрақұрылым (электр жүйесі, қиыршық тас жол) құрылысының жобалау сметалық құжаттарын әзірлеуге конкурстың нәтижесіне сәйкес «НұрЖолПроект» ЖШСгі жеңімпаз болып белгіленді. Жобалау жұмыстарының аяқталу мерзімі 2017 жылдың 25 маусымына дейін.
Үкіметке әкімдермен бірлесіп, үлкен қалалардың іргелес орналасқан елді мекендермен көлік байланысын дамыту жөнінде шаралар қабылдауы қажет деп Елбасы тапсырма берген, бұл бойынша 2017 жылы барлығы аудандағы автомобиль жолдарын орташа, ағымды жөндеу жұмыстарына 744,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, облыстық маңызы бар «Андас батыр-Аспара» автожолын (Қызыл қыстақ ауылынан Кеңес ауылы арқылы «Батыс қытай- Батыс Еуропа» автодәлізіне дейін) орташа жөндеу үшін 198,0 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ аудандық маңызы бар автожолдарды және елді мекендердегі көшелерді жөндеуге 522,7 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда тиісті жұмыстары атқарылуда.
Қазіргі таңда аудандық маңызы бар «АБЗ кірме (Сарымолдаев ауылы Ахтамбердиев көшесі)» 1,9 шақырым және Кеңес ауылындағы Тайшыманов көшесінің 1,3 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.
Кешенді міндет – еңбек нарығын жаңғырту. Меркі ауданы бойынша жыл басынан 1055 адам қайрылып, 980 адам жұмыспен қамтылды. Есеп мерзіміндегі жұмыссыздар саны 420 адам.
Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту деген. Ол бойынша кәсіпкерлік саласында аудан көлемінде 2017 жылы 5141 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 4629 (2017 жылдың 1 қаңтарға-3864).
Төртінші. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді делінген жолдауда. Бұл мақсатта ауданымызда мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 4 балабақша және 1 жекеменшік балабақшалар ашылып, 480 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуда. Жыл аяғына дейін осындай 4 жекеменшік балабақшалар және «Бөтакөз» балабақшасынан 50 баланы қамтамасыз ететін қосымша 2 топ ашу жоспарланған. Бұл күндері ауданда 15 мемлекеттік, 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіндегі және 1 жекеменшік балабақшалар жұмыс жасауда. Аудандық білім бөлімінде балабақша кезегінде 1352 бала тіркелген.
Жоғарыда аталған жұмыстарды іске асыру арқылы 2017 жылы қосымша 915 баланы қамтып, аудан бойынша барлығы 3623 бала қамтылып, қамту үлесін 53,5 пайызға жеткізу жоспарланған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту бойынша аудан көлемінде 44 елді мекеннің 38-не газ құбыры тартылған немесе 86,3%.
2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 2368,2 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 189,0 % болды. (2016 ж. қаңтар-мамырында инвестиция көлемі – 1252,9 млн. теңге).
Үшінші. «Үкімет квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен бақылау жасау жүйесін қалыптастырып, онда тәртіп орнату керек» делінсе біздің ауданымызда аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таза су» мемлекеттік кәсіпорны 2017 жылы толық өзін өзі қамту үшін пәрменді шаралар қабылдануда.,-деп сөзін түйіндеді Меркі аудан әкімі Мейірхан Азатұлы.
TURANINFO.KZ