• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 04:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Онлайн семинар өтті

turan_admin turan_admin
15.06.2017, 09:43
Облыс жаңалықтары
Онлайн семинар өтті
226
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Онлайн семинар өтті
Тараз қаласында 9 маусымда республикалық «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» тақырыбында онлайн семинар өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдасытырған шараға 12 аймақтан 250-ге жуық тіл мамандары қатысты.
Шарада Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов модераторлық етті. Ол өз кезегінде семинар жұмысына сәттілік тіліп, «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және тіл үйретудің мазмұны» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.
-Ғалымдардың айтуынша, белгілі бір тілде ең қарапайым деңгейде сөйлеу үшін 400-500 сөз білу қажет. Демек қазақ тілін оқытуда алдымен бай сөздік қорымыздан жиі қолданыстағы 500 сөзді саралап, іріктеп алуымыз керек. Алдымен ең белсенді 100 сөзді анықтасақ, сосын 200, 500, 700, 900 сөз тиянақталады. Осы сөздерді қолданып оқу құралдары мен оқулықтар әзірленіп, қолданысқа ендіруіміз шарт. Сонда біз тіл үйренушілерді ауызекі тілде еркін сөйлеу дағдысына жеткізе аламыз,- дейді ол.
Онлайн семинар барысында тіл мамандары мемлекеттік тілді үйретудің сан түрлі тәсілдеріне тоқталды. Әлемдік тілге айналған ағылшын тілін оқытудағы әдістерді қазақ тілін оқытуда қолданудың нәтижелілігі таразыланды. Жаңа, заманауи методикалардың маңызы сараланды. Сонымен қатар «Қазақ тілі» оқулықтарының В1, В2 деңгейлеріне, лексикалық-тақырыптық минимумның А1, А2 деңгейлеріне арналған нұсқаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы талқыланды.
Жиында тіл үйретудің тәсілдерімен қатар, мамандардың біліктілігін арттыру жайы да сөз болды. ҚАЗТЕСТ сарапшысы, Тест тапсырмаларын қалыптастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі Мира Сәдуақасова тіл мамандарына арналған отандық емтихан енгізу тиімділігіне тоқталды.
Сондай-ақ онлайн семинарда аймақтық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары шеберлік сабақтарын көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Семинар соңы еркін форматта пікір алмасумен жалғасты. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру басқармасының басшысы Айдос Әбдіхалықов: «1. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарынан қазақ тілін В1, В2 деңгейлерінде оқытуға арналған оқулықтарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу үшін тиісті ұсыныстар жіберілсін. Оқулықтарға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобына орталықтардан 1 әдіскер ұсынылсын.
2.Лексикалық минимумдардың А1, А2 деңгейлеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін аймақтық тіл оқыту орталықтарынан ұсыныстар жіберілсін.
3.ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгерген азаматтарды диагностикалық тестілеуден өткізіп, деңгейлері нақтылансын. Сертификаттық тестілеуге қатысушылардың саны арттырылсын.
4.Аймақтық тіл оқыту орталықтары тарапынан әзірленген оқу-әдістемелік құралдары Ұлттық стандарттарға сәйкестендірілсін»,- деген ұсынысын айтты. Оның ұсынысы әріптестері тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта қаралатын болды.
Түйін. Жалпы, қоғамда ағылшын тілін үйрену оңай деген пікір қалыптасқан. «Методикасы мықты дамыған және өте қызық тіл» дейді. Бұл қалыптасқан – стереотип. Расында, қазақ тілі де — қызық тіл. Тек біз 25 жыл ішінде оны оқыту методикасын жасай алдық па? Бар мәселе осында. Шындығанда, бізде методика жасалған. Маман да бар. Бірақ нәтиже төмен. Себебі сол әдіс арқылы оқушының берген білімді қабылдай алу көрсеткіші сараланбайды. Сондықтан бізге бірінші әдісті емес, аудиторияны зерттеу керек сынды. Соған сай әдіснама әзірлемек ләзім.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.