Аргентиналық жартылай қорғаушы алматылық клубтан кетеді.
«Рақмет, Себа! Аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальос тараптардың өзара келісімі бойынша «Қайраттан» кетеді, – делінген клубтың баспасөз қызметі хабарламасында.
Себальос осы жылдың басында «сары-қаралар» сапын толықтырғаны нақтыланды.
«Себастьян «Қайрат» сапында барлығы 11 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді», – деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
«Қайрат» ФК Себастьянға команда жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.






