• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
26.11.2026, 00:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мойынқұм ауданында семинар-тренинг өтті

Мойынқұмда баспасөз хатшыларына кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында семинар-тренинг өтті.

Turan Redaktor Turan Redaktor
13.07.2026, 13:30
Облыс жаңалықтары
Мойынқұм ауданында семинар-тренинг өтті
19
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мойынқұм ауданында мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысын жетілдіру, баспасөз хатшылары мен ақпараттық саясатқа жауапты мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында тәжірибелік семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, журналист Исламбек Дастан, журналист әрі «Тараз» футбол клубының медиа және маркетинг бөлімінің басшысы Айжан Әуелбекова, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің маманы Нұрдәулет Асан және облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің маманы Алтынай Айтбек арнайы қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында қазіргі ақпараттық кеңістіктегі мемлекеттік органдардың рөлі, ресми ақпаратты халыққа жедел әрі сапалы жеткізу, әлеуметтік желілерді тиімді жүргізу, медиаконтент әзірлеудің заманауи тәсілдері, қоғаммен тиімді коммуникация орнату, дағдарыстық жағдайларда ақпараттық жұмысты ұйымдастыру және жалған ақпараттың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Спикерлер қатысушыларға теориялық мәліметтермен қатар тәжірибеде қолдануға болатын нақты мысалдар мен тиімді әдіс-тәсілдерді таныстырып, мемлекеттік мекемелердің ақпараттық қызметін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі аудиториямен жұмыс істеу, фото және бейнематериалдарды сапалы әзірлеу, ресми ақпаратты көпшілікке тартымды форматта ұсыну, медиажоспар құру және ақпараттық тәуекелдерді басқару бағытында практикалық дәрістер өткізілді.

Семинар-тренингке ауданға қарасты 16 ауылдық округтің әкімдері аппараттарының, мемлекеттік мекемелердің және ақпараттық жұмысқа жауапты бөлімдердің мамандары қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, күнделікті қызмет барысында кездесетін мәселелерді талқылап, оларды шешудің тиімді жолдары бойынша пікір алмасты.

Іс-шара соңында ақпараттық саладағы белсенділігімен ерекшеленген мамандар марапатталып, кәсіби қызметінде жоғары нәтиже көрсетіп жүрген қызметкерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға ақпараттық жұмысты ұйымдастыруға арналған әдістемелік материалдар ұсынылды.

Мұндай тәжірибелік семинарлар мемлекеттік органдардың ақпараттық саясатын жетілдіруге, мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және мемлекеттік мекемелер мен қоғам арасындағы ашық әрі тиімді байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халыққа ұсынылатын ақпараттың сапасын арттырып, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.

Материал «Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ тапсырысы бойынша әзірленді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әділет» партиясының кандидаттары «Жамбыл Су» ұжымымен су шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

25.11.2026, 19:05

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.