• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Аудан әкімі Шығанақтағы ауыз су нысанымен танысты

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев жұмыс сапары барысында Шығанақ ауылындағы ауыз су нысанының жағдайымен танысты.

09.07.2026
0
Аудан әкімі Шығанақтағы ауыз су нысанымен танысты
64
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев жұмыс сапары барысында Шығанақ ауылына арнайы барып, елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету нысанындағы қалыптасқан жағдаймен танысты. Сондай-ақ аудан басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, уақытша туындаған мәселенің себептерін түсіндіріп, оны қысқа мерзімде шешу бағытында қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берді.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда Шығанақ ауылында ауыз су беру жұмыстары уақытша қиындаған. Бұған Шығанақ станциясында орналасқан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты электрмен жабдықтау нысанында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты электр энергиясының уақытша ажыратылуы себеп болған. Соның салдарынан ауылды сумен қамтамасыз ететін су айдау сорғыларының жұмысы уақытша тоқтап, ауыз су беру процесіне әсер еткен.

Нысанда болған аудан әкімі жауапты сала басшыларынан қалыптасқан жағдай туралы толық ақпарат алып, мәселені мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Сонымен қатар тұрғындарды тұрақты түрде ақпараттандырып отыру және барлық қажетті шараларды жедел ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жауапты мекемелер тарапынан жедел әрекет етіліп, «Мөлдір су» коммуналдық мекемесінің мамандары қажетті техникалық және қалпына келтіру жұмыстарын толық көлемде жүргізді.

Қазіргі уақытта су айдау сорғыларының жұмысы қайта іске қосылып, резервуарларға су жинау жұмыстары жүргізілуде. Жүйедегі қажетті қысым қалыптасқаннан кейін ауыз су кезең-кезеңімен тұрғындарға беріле бастайды. Жоспарға сәйкес таңертеңнен бастап ауыл халқы толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ал ауыз су нысанына жақын орналасқан бірқатар тұрғын үйлер қазіргі таңда сумен қамтамасыз етіліп отыр.

Ермек Амангелдіұлы жауапты сала мамандарына ауыз су жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қоюды және мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шараларды күшейтуді тапсырды.

Айта кету керек, аудан әкімдігі тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстап келеді. Осы бағыттағы барлық жұмыстар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және инженерлік инфрақұрылымның сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Материал «Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ тапсырысы бойынша әзірленді.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты