• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Мыңаралда ауыз су мәселесін шешу жұмыстары жалғасуда

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев Мыңарал станциясындағы ауыз су жобасының жүзеге асу барысымен танысты.

09.07.2026
0
Мыңаралда ауыз су мәселесін шешу жұмыстары жалғасуда
35
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев жұмыс сапары аясында Мыңарал ауылдық округіне қарасты Мыңарал станциясында болып, елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаның орындалу барысымен танысты.

Халықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осыған сәйкес аудан аумағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Солардың қатарындағы ірі нысандардың бірі – Мыңарал станциясындағы ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары.

Биыл көктем айларында бастау алған жоба аясында қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес қарқынды жүргізілуде. Мердігер мекеме тарапынан қажетті техника мен жұмыс күші жұмылдырылып, ауыз су желілерін жаңарту және жүйенің сенімділігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылуда.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі құрылыс алаңын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынына ерекше назар аударды. Сондай-ақ жауапты мердігер ұйым өкілдері мен сала мамандарының есебін тыңдап, жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуы тұрғындардың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Ермек Амангелдіұлы құрылыс жұмыстарының әр кезеңінде сапа талаптарының қатаң сақталуы қажеттігін айтып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

– Тұрғындарды таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Сондықтан әрбір атқарылып жатқан жұмысқа жоғары жауапкершілікпен қарау қажет. Жоба толық аяқталғаннан кейін тұрғындар ұзақ жылдар бойы ауыз су тапшылығын сезінбейтіндей деңгейде сапалы жұмыс атқарылуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар аудан басшысы құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен жұмыстардың бекітілген кестеден кешікпеуіне де ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Мойынқұм ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылып келеді.

Мыңарал станциясында іске асырылып жатқан бұл жоба да аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың таза ауыз суға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Материал «Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ тапсырысы бойынша әзірленді.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты