Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков Тараз қаласына келді. Жуырда ғана 80 жасқа толып, Елбасы қолынан І дәрежелі «Барс» орденімен марапатталған көрнекті ғалымды Жамбылдық зиялы қауым өкілдері күтіп алды. Туған жерге келген бұл сапарын Мырзатай ата «осы жасқа жетіп, туған топырағыма жасаған тағзымым» деп атап өтті. Облыстық «Жамбыл» атындағы руханият үйінде болған кездесу барысында Мырзатай Жолдасбеков мекеме мұражайын аралап, естелік кітапқа қолтаңбасы мен жылы лебізін қалдырды. Сондай-ақ, ғалым соңғы жылдары жазған бірнеше еңбегін руханият үйінің ұжымына табыстады.
Арайлы Жақсылық