• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбылда сел қаупі бар аумақтар тазартылды

амбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес сел жүруі мен су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында аудандарда сенбіліктер өткізілді.

05.07.2026
0
Жамбылда сел қаупі бар аумақтар тазартылды
96
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

4 шілде, сенбі күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Меркі ауданына барып, Меркі өзені бойындағы сел қаупі жоғары учаскелердің жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Өңір басшысына Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов пен ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы филиалының басшысы Сұлтан Ақбердиев өзен арналарының қазіргі жағдайы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Облыс әкімі соңғы күндері таулы аймақтарда жауын-шашын мөлшерінің артуына байланысты сел жүруі мен су тасқыны қаупі күшейгенін атап өтті.

– Көктемгі су тасқыны кезеңі аяқталғанымен, қазіргі гидрометеорологиялық жағдай босаңсуға мүмкіндік бермейді. Барлық жауапты мемлекеттік органдар мен қызметтердің іс-қимылы нақты үйлестіріліп, қажетті техника мен күш-құралдар толық дайындықта болуы тиіс. Халықтың қауіпсіздігі – басты міндет. Сондықтан алдын алу шаралары бір сәтке де тоқтамауы қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.

Өңір басшысы жауапты мекемелерге таулы аймақтардағы өзендердің су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді, қауіпті учаскелерді тәулік бойы бақылауда ұстап, жағдай өзгерген жағдайда жедел әрекет етуді тапсырды. Сондай-ақ елді мекендерге қауіп төндіруі мүмкін өзен арналары мен су өткізу құрылыстарының жай-күйіне ерекше назар аударуды, өзен арналарын тазалау, су өткізу қабілетін арттыру және табиғи кедергілерді жою жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

Жамбыл облысында сел қаупі бар 18 өзен бар. Қауіпті ерте анықтау және жағдайды тұрақты бақылау мақсатында өңірдегі 8 гидробекетте тәулігіне үш рет мониторинг жүргізіледі.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға жедел әрекет ету үшін 2 жедел топ пен 1 апаттық-механикаландырылған бригада құрылған.

Алдын алу шаралары аясында сел қаупі бар өзендердің бойына «Сақ болыңыз! Сел қауіпті аймақ» деген жазуы бар 14 ескерту қалқаншасы орнатылды. Сонымен қатар облыстағы сел қаупі жоғары өзендерде 56 жерүсті зерттеу жұмысы жүргізілді.

Тегтер: Жамбыл облысыСЕЛсенбілік

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

01.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты