• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Конституцияда айқындалған қағидаттар өңірлік саясаттың негізгі өзегіне айналуы тиіс

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары шығарылып, алдағы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарының барысы қаралды.

03.07.2026
0
Конституцияда айқындалған қағидаттар өңірлік саясаттың негізгі өзегіне айналуы тиіс
26
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жиынды ашқан өңір басшысы қатысушыларды еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады.

– Жаңа Конституция еліміздің жаңа даму кезеңінің негізін қалап, мемлекеттілігіміздің келешек бағытын айқындайтын тарихи құжат. Ол ұлттық құқықтық жүйенің сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституция аясында елдің алдағы даму бағытын айқындайтын бес стратегиялық басымдықты белгіледі. Бұл бағыттардың әрқайсысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен тікелей сабақтас. Сондықтан Конституцияда айқындалған қағидаттар өңірлік саясаттың негізгі өзегіне айналуы тиіс. Жаңа Конституция бізге тек құқықтар ғана емес, ең алдымен зор жауапкершілік жүктейді. Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» жалпыұлттық бастамалары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастамалар Конституцияда бекітілген қағидаттардың нақты өмірдегі көрінісі болуы қажет. Әрбір басқарма басшысы, аудан әкімі және мемлекеттік орган жетекшісі заң талаптарының бұлжытпай орындалуын, мемлекеттік шешімдердің ашықтығын, халық алдындағы есептілікті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз етуге міндетті. Инвестор мен кәсіпкер үшін ең маңыздысы – тұрақты құқықтық орта болса, қарапайым тұрғын үшін заңның үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік және мемлекеттің нақты қолдауы басты құндылық болып қала береді. Біздің міндетіміз – Конституцияда белгіленген қағидаттарды күнделікті жұмысымыздың басты өлшеміне айналдыру. Әрбір қабылданатын шешім заңға негізделуі тиіс. Ел Президенті айқындаған реформаларды сапалы іске асырып, жаңа Конституция қағидаттарын өңірде нақты нәтижелер арқылы жүзеге асыру жолында бірлесе еңбек етеміз деп сенемін, – деді облыс әкімі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрсұлтан Исабеков баяндама жасады.

Оның айтуынша, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталып, тұрақты әрі штаттық режимде өтті. Осы кезеңде отын-энергетика кешендері 1,3 млн гигакалория жылу энергиясын өндірді.

Облыстағы 9 жылу энергетика кешені мен 590 автономды қазандық штаттық режимде жұмыс істеп, 1 767 әлеуметтік нысан мен 1 855 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етті.

2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындыққа жалпы 66,7 млрд теңге бөлініп, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыста жалпы ұзындығы 350,7 шақырым жылу желісі бар. Оның тозу деңгейі 53 пайызды құрайды.

Биыл 17,4 шақырым жылу желісін жөндеуге 5,3 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде Тараз қаласындағы ұзындығы 750 метр М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстарының орындалуы 68 пайызға жетті. Сондай-ақ Самал (7) шағынауданында 499 метр және Алатау (8) шағынауданында 820 метр жылу желісі ауыстырылуда.

Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 8,7 шақырым жылу желісіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізіліп, Қаратау қаласында 2,1 шақырым магистральдық жылу желісі жөнделеді.

Жоспарланған жұмыстар толық аяқталған жағдайда, жыл соңына дейін жылу желілерінің тозу деңгейін 51 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта отын-энергетика кешендерінде 20,1 мың тонна мазут пен 1,3 мың тонна көмірдің резервтік қоры қалыптастырылған. Сонымен қатар Жаңатас қаласындағы қазандықта 2,1 мың тонна көмір қоры бар.

Алдағы жылыту маусымына жалпы 189,6 мың тонна көмір дайындау жоспарланған. Оның ішінде 55,5 мың тоннасы әлеуметтік нысандарға, 134,1 мың тоннасы тұрғындарға жеткізіледі.

Жиын қорытындысында Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, сондай-ақ жауапты басқарма басшыларына 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды тапсырды. Сонымен қатар әлеуметтік нысандар мен коммуналдық кәсіпорындарға қажетті отын қорын уақытылы жеткізу, қазандықтарда, жылу желілерінде және инженерлік инфрақұрылым нысандарында жоспарланған жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқтау, барлық жабдықтың техникалық дайындығын тексеру, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік сала нысандарының қысқы маусымға толық әзірлігін қамтамасыз ету міндеттелді.

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

01.07.2026
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты