• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа Ата Заң: орнықты дамудың құқықтық негізі

Конференция жұмысына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
03.07.2026, 10:58
Облыс жаңалықтары
Жаңа Ата Заң: орнықты дамудың құқықтық негізі
30
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2026 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орайластырылған «Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы
Эльвира Азимова конференцияны ашып, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетініне тоқталып өтті.

Эльвира Азимова өз сөзінде «Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуында жаңа кезеңнің негізі қаланды. Бұл құқықтық жүйені, мемлекеттік басқаруды және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдірудің стратегиялық бағдарларын айқындап берді.

Жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуімен Конституциялық Сот Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, конституциялық құндылықтарды қорғауды одан әрі нығайтады. Бұл Қазақстанның тарихи әрі құқықтық дамуының жаңа кезеңінің бастауын білдіреді» деп атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Раднарагча Саранго мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің Бас хатшысы Қайрат Сарыбай конференция қатысушыларына өз құттықтауларын бейнетүсірілім арқылы жеткізіп, Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформалардың құқықтық институттарды нығайту және орнықты даму үшін өте маңызды болғаны жайында өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының
Бас хатшысы Рамиль Гасан мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Феруза Эшматова да қатысушыларды бейнетүсірілім форматында құттықтады. Олар Қазақстандағы конституциялық өзгерістерге өңірлік және халықаралық деңгейде жоғары қызығушылық бар екенін атап өтті.

Тақырыптық пікір алмасу барысында қатысушылар жаңа Конституцияның құқықтық жүйені дамытудағы және конституциялық мемлекеттілікті нығайтудағы рөлін талқылады. Заң алдында жұрттың бәрінің тең болуы, сот төрелігіне қолжетімділік, заңнаманы жетілдіру, қоғамдық келісімді нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Адам құқықтарын қорғау аясындағы қазіргі заманғы сын-қатерлер, цифрлық құқықтарды дамыту, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру және құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту мәселелері де талқылауға өзек болды. Қазақстан Республикасының Конституциясына ғылыми комментарий әзірлеу де талқыланды.

Конференцияда жетекші қазақстандық ғалымдар, Конституциялық Соттың, Конституциялық комиссияның, жоғары оқу орындарының және сарапшылық институттардың өкілдері баяндама жасады. Бейнетүсірілім форматында Техас университетінің профессоры Ричард Альберт пен Франция халықаралық қатынастар институтының (IFRI) атқарушы төрағасы Тьерри де Монбриаль халықаралық перспектива жайында ойларын білдіріп, Қазақстандағы конституциялық реформалардың демократиялық институттарды, құқық үстемдігін нығайтудағы және орнықты дамуды қамтамасыз етудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ата Заңымыздың мәтініне барша азаматтың тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет бастама көтеріп, «Инклюзивті қоғам үшін Конституция» аясында басып шығарылған Брайль қарпіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының да таныстырылымы осы конференцияға тұспа-тұс келді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова мен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне арнайы дайындалған пошта маркасына мөр басу рәсіміне қатысты.

Қатысушылар конференцияны қорытындылай келе, жаңа Конституцияның Қазақстан дамуындағы жаңа кезеңнің берік институционалдық және құқықтық негізіне айналғанын атап өтті.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.