• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

Реконструкция нәтижесінде жолаушыларға арналған жағдайлар айтарлықтай жақсарды, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі артты, нысандардың өткізу қабілеті ұлғайды, сондай-ақ теміржол саласы қызметкерлері үшін заманауи еңбек жағдайлары жасалды.

02.07.2026
0
Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға берілді. Жұмыстар Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізілді.

Жаңғырту соңғы жылдардағы теміржол вокзалдарын жаңартудың ең ірі жобасы болды. Реконструкция нәтижесінде жолаушыларға арналған жағдайлар айтарлықтай жақсарды, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі артты, нысандардың өткізу қабілеті ұлғайды, сондай-ақ теміржол саласы қызметкерлері үшін заманауи еңбек жағдайлары жасалды.

Жұмыстар барысында ғимараттардың қасбеттері мен шатырлары жаңартылды, энергия үнемдейтін витраждар орнатылды, жылу жүйелері, сумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау, өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңғыртылды. Құрылыс және реконструкция кезінде негізінен отандық өндірістің материалдары пайдаланылды.

Ерекше назар кедергісіз орта қалыптастыруға аударылды. Вокзалдарда пандустар, лифтілер, бейімделген кіреберіс аймақтары мен санитарлық бөлмелер, тактильді жолақтар және арнайы касса аймақтары жабдықталды. Нысан санатына қарай ана мен бала бөлмелері, медициналық пункттер, сақтау камералары қарастырылып, жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыру үшін үй-жайлар қайта жоспарланды.

Кешенді жаңғырту тек вокзал ғимараттарын ғана емес, сонымен қатар жолаушылар платформаларын, вокзал маңындағы алаңдарды және инженерлік инфрақұрылымды да қамтыды. Барлық нысандар заманауи қауіпсіздік талаптарына, санитарлық нормаларға және қызмет көрсету стандарттарына сәйкестендірілді.

Елдегі теміржол вокзалдарының басым бөлігі 1950–1970 жылдары салынған, ал кейбір ғимараттар 80–100 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Нысандардың шамамен 70 пайызы ондаған жылдар бойы күрделі жөндеуден өтпеген.

Өңірлер бойынша реконструкциядан кейін келесі вокзалдар ашылды:

Абай облысы — Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары;

Ақмола облысы — Курорт-Бурабай, Шортанды, Макинка және Ақкөл;

Атырау облысы — Ганюшкино және Аққыстау;

Батыс Қазақстан облысы — Семиглавый Мар, Қазақстан және Шыңғырлау;

Қарағанды облысы — Қарағанды-Сортировочная, Жаңа Қарағанды және Нұра, сондай-ақ Қарағанды-Сортировочная станциясының жолаушылар платформасы жаңартылды;

Қостанай облысы — Аманқарағай және Құсмұрын;

Қызылорда облысы — Жаңақорған, Қазалы, Шиелі және Талап станциясының платформасы;

Алматы облысы — Қонаев және Шамалған;

Жетісу облысы — Талдықорған;

Солтүстік Қазақстан облысы — Тайынша, Жаңаесіл және Саумалкөл;

Шығыс Қазақстан облысы — Риддер және Шемонаиха;

Павлодар облысы – Бозшакөл платформасы.

Көлік министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде жолаушылар инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңартуды және азаматтар үшін заманауи, қауіпсіз және жайлы жағдай жасау жұмыстарын жалғастырады.

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

01.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты