• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев: Жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттарды күнделікті жұмысымыздың басты өлшеміне айналдыру – негізгі міндетіміз

Облыстағы 9 жылу энергетика кешені мен 590 автономды қазандық штаттық режимде жұмыс істеп, 1 767 әлеуметтік нысан мен 1 855 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етті.

Turan Redaktor Turan Redaktor
02.07.2026, 13:19
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеев: Жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттарды күнделікті жұмысымыздың басты өлшеміне айналдыру – негізгі міндетіміз
11
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары шығарылып, алдағы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарының барысы қаралды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жиынды ашқан өңір басшысы қатысушыларды еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады.

– Жаңа Конституция еліміздің жаңа даму кезеңінің негізін қалап, мемлекеттілігіміздің келешек бағытын айқындайтын тарихи құжат. Ол ұлттық құқықтық жүйенің сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституция аясында елдің алдағы даму бағытын айқындайтын бес стратегиялық басымдықты белгіледі. Бұл бағыттардың әрқайсысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен тікелей сабақтас. Сондықтан Конституцияда айқындалған қағидаттар өңірлік саясаттың негізгі өзегіне айналуы тиіс.
Жаңа Конституция бізге тек құқықтар ғана емес, ең алдымен зор жауапкершілік жүктейді.
Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» жалпыұлттық бастамалары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастамалар Конституцияда бекітілген қағидаттардың нақты өмірдегі көрінісі болуы қажет.
Әрбір басқарма басшысы, аудан әкімі және мемлекеттік орган жетекшісі заң талаптарының бұлжытпай орындалуын, мемлекеттік шешімдердің ашықтығын, халық алдындағы есептілікті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз етуге міндетті.
Инвестор мен кәсіпкер үшін ең маңыздысы – тұрақты құқықтық орта болса, қарапайым тұрғын үшін заңның үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік және мемлекеттің нақты қолдауы басты құндылық болып қала береді.
Біздің міндетіміз – Конституцияда белгіленген қағидаттарды күнделікті жұмысымыздың басты өлшеміне айналдыру. Әрбір қабылданатын шешім заңға негізделуі тиіс. Ел Президенті айқындаған реформаларды сапалы іске асырып, жаңа Конституция қағидаттарын өңірде нақты нәтижелер арқылы жүзеге асыру жолында бірлесе еңбек етеміз деп сенемін, – деді облыс әкімі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрсұлтан Исабеков баяндама жасады.

Оның айтуынша, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталып, тұрақты әрі штаттық режимде өтті. Осы кезеңде отын-энергетика кешендері 1,3 млн гигакалория жылу энергиясын өндірді.

Облыстағы 9 жылу энергетика кешені мен 590 автономды қазандық штаттық режимде жұмыс істеп, 1 767 әлеуметтік нысан мен 1 855 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етті.

2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындыққа жалпы 66,7 млрд теңге бөлініп, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыста жалпы ұзындығы 350,7 шақырым жылу желісі бар. Оның тозу деңгейі 53 пайызды құрайды.

Биыл 17,4 шақырым жылу желісін жөндеуге 5,3 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде Тараз қаласындағы ұзындығы 750 метр М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстарының орындалуы 68 пайызға жетті. Сондай-ақ Самал (7) шағынауданында 499 метр және Алатау (8) шағынауданында 820 метр жылу желісі ауыстырылуда.

Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 8,7 шақырым жылу желісіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізіліп, Қаратау қаласында 2,1 шақырым магистральдық жылу желісі жөнделеді.

Жоспарланған жұмыстар толық аяқталған жағдайда, жыл соңына дейін жылу желілерінің тозу деңгейін 51 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта отын-энергетика кешендерінде 20,1 мың тонна мазут пен 1,3 мың тонна көмірдің резервтік қоры қалыптастырылған. Сонымен қатар Жаңатас қаласындағы қазандықта 2,1 мың тонна көмір қоры бар.

Алдағы жылыту маусымына жалпы 189,6 мың тонна көмір дайындау жоспарланған. Оның ішінде 55,5 мың тоннасы әлеуметтік нысандарға, 134,1 мың тоннасы тұрғындарға жеткізіледі.

Жиын қорытындысында Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, сондай-ақ жауапты басқарма басшыларына 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды тапсырды. Сонымен қатар әлеуметтік нысандар мен коммуналдық кәсіпорындарға қажетті отын қорын уақытылы жеткізу, қазандықтарда, жылу желілерінде және инженерлік инфрақұрылым нысандарында жоспарланған жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқтау, барлық жабдықтың техникалық дайындығын тексеру, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік сала нысандарының қысқы маусымға толық әзірлігін қамтамасыз ету міндеттелді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.