«Айтуған» шаруа қожалығының асар асуы алда
«Айтуған» шаруа қожалығы бүгінде облысымызға белгілі қожалықтардың қатарында. Сарысу ауданында орналасқан қожалықта 100 жылқы, 100 мүйізді ірі-қара , 1500 ден аса ұсақ асыл тұқымды мал бар. Қожалықтың иесі Айтуған Рыспанов өзінің қарттық шағына қарамастан кәсібінің тізгінін 24 жылдан аса уақыт қолында ұстап келеді. Бүгінде қожалықтың орналасқан жеріне үкімет тарапынан 400 метр электр сымының бағаны тартылып, жарықпен қамтамасыз етілді. Айтуған қарт «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша үлкен көлемде несие алып шаруасын дөңгелетіп отыр. « Зейнетке шыққаннан кейін осы кәсіпті қолға алдым. Бүгінде асыл тұқымды мал, оны ішінде қазақы құйрықты қой асырағаным үшін мемлекеттен жыл сайын 2,5 миллион теңге көлемінде субсидия аламын. Малды жем-шөппен де өзіміз қамтамасыз етеміз. 1000 гектар жерге астық, жоңышқа егіп жинаймыз. Осылайша тірлігіміз жүріп жатыр. Барлық жағдайымыз жақсы. Үкіметке ризамын» — дейді Айтуған ата.
Арайлы Жақсылық