Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Геннадиевич Шиповских, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және азаматтық қоғам белсенділері қатысты.

Жиынды облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Дастан Исламбек Дастанұлы жүргізді.
«Ортақ мүдде» жобасы – үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдауға және азаматтық қоғам институттарының дамуына бағытталған маңызды алаң. Жоба аясында қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамаларға қолдау көрсетіліп, ұйымдардың әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндік берілуде.

Іс-шара барысында қатысушыларға азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру және әлеуметтік жобаларды қолдау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия төрағасы, «Елім-ай Достық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Полина Александровна Ким және «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы, «Халықаралық жыл волонтері» сыйлығының иегері Азамат Намелбекұлы Намелбек сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.

«Ортақ мүдде» шағын гранттар конкурсының нәтижесі бойынша төмендегі қоғамдық ұйымдар жеңімпаз атанды:
«Tamyr: Ұлттық құндылықтың жаңа тынысы» жобасымен «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Тараз қалалық филиалы;
«Бабалар аманаты» жобасымен «Qoloner-Taraz» қоғамдық бірлестігі;
«Отбасылық байланыстарды қалпына келтіру» жобасымен Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамы Жамбыл облысы филиалы;

«Digital Jastary» әлеуметтік жобасымен «Әлеуметтік жұлдыз» жастар қоғамдық бірлестігі;
«Seriktestik Hub: Бизнес. Қоғам. Үкімет» жобасымен «Кедергісіз болашақ» қоғамдық бірлестігі.
Жеңімпаз ұйымдарға әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған шағын грант сомасы, яғни, 500 000 тг сертификаттар және Тараз қаласы әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.
«Ортақ мүдде» жобасы азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, өңірдегі қоғамдық бастамалардың дамуына жаңа мүмкіндіктер береді.
Аталған жоба Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен жүзеге асырылуда.







