• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
22.11.2026, 17:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобын құрды

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
19.06.2026, 11:01
Қазақстан жаңалықтары
Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобын құрды
16
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту тәсілдерін талқылап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және бейінді ұйымдардың өкілдері қатысатын арнайы жұмыс тобын құрды.

Зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін жалғастыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен сарапшылар қауымдастығы және үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Кездесу барысында қоғамдық ұйымдардың өкілдері зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты ұсынылған тұжырымдамалық тәсілдерді жан-жақты талқылады. Кеңеске қатысушылар әлеуметтік кепілдіктер, азаматтардың әртүрлі санаттары үшін төлемдердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін және ұзақ мерзімді демографиялық үрдістерді ескеру қажеттілігін алға тартты.

Жұмыс тобының қызметі шеңберінде сарапшылар мен бейінді институттар жүйені жаңғыртуға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық тәсілді ұсынды. Олардың әрқайсысы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.


Атап айтқанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры медианалық жалақыға қатысты орташа айлық табыс пен жүйеге қатысу еңбек өтіліне негізделген әлеуметтік зейнетақы төлемі жүйесін енгізу тәсілін ұсынды. Бұл модель тек жинақтаушы жүйеге тән тәуекелдерді азайтып, төлемдердің ынтымақтастық және болжамдылық қағидаттарын енгізуге бағытталған.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс беруші жарналарының 4%-ын азаматтың жеке зейнетақы шотына, ал 1%-ын ынтымақты (сақтандыру) құрамдас бөлікке аударуды көздейтін модельді таныстырды. Бұл шешім азаматтарға өмір сүру ұзақтығына қарамастан өмір бойы қаржылық қолдау көрсетіп, ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Нұғмановтың ұзақ жылдар бойы еңбек еткен азаматтарды қолдауға бағытталған ұсынысы да талқыланды. Атап айтқанда, 40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар үшін, әсіресе бюджет саласы қызметкерлеріне қатысты, зейнетке шығу уақытын икемді реттеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылған.

Аталған тәсілдерді талқылауға беделді сарапшылар, оның ішінде БҰҰ жанындағы Астанадағы мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, сондай-ақ Болат Жәмішев, Ораз Жандосов пен Елена Бахмутова қатысып жатыр.

ЕХӘҚМ-де ұсынылған бастамалардың барлығы қазір талқылау сатысында екенін және консультативтік-ұсынымдық сипатқа ие екенін атап өту керек. Министр Асқарбек Ертаевтың пікірінше, азаматтық қоғам институттарының талқылау процесіне белсенді қатысуы салмақты әрі әлеуметтік бағдарланған шешімдер қабылдаудың маңызды шарты саналады. Зейнетақы жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі түпкілікті шешімдер қаржылық тұрақтылықты, әлеуметтік тиімділікті және азаматтар үшін ықтимал салдарды жан-жақты бағалау нәтижелері бойынша қабылданады.

— Министрліктің басты басымдығы — азаматтарға зейнет жасына жеткеннен кейін ұзақ мерзімді перспективада лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алатын тұрақты әрі теңгерімді зейнетақы жүйесін қалыптастыру. Түскен барлық ұсыныстың қаржылық негізділігі, әлеуметтік әділеттілігі және практикалық іске асырылу мүмкіндігі қарастырылады, — деп атап өтті Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Динара Қайролла.

Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша кешенді шаралар қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері 10%-ға индекстелді.

Сонымен қатар биыл базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылды, ал 2027 жылы бұл көрсеткіш күнкөріс деңгейінің 120%-ына дейін жеткізіледі.

Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасады: 2026 жылы олардың мөлшері қызметкер табысының 3,5%-ын құрайды, ал 2028 жылға қарай 5%-ға дейін ұлғайтылады.

Тегтер: Еңбек министрлігіЖұмыс тобықаржылық тұрақтылық
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54
Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

16.11.2026, 11:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.