• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖУАЛЫДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ: ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданындағы Қайрат ауылында тұрғындармен кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен елді мекендердегі өзекті мәселелерді талқылады

06.06.2026
0
ЖУАЛЫДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ: ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған басқосу еркін форматта өтті. Жиын барысында аудан тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын облыс әкіміне тікелей жолдады.

Кездесу барысында Ербол Қарашөкеев облыстың даму жоспары мен биылғы төрт айда қол жеткізілген негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Оның айтуынша, өңір экономикасында тұрақты өсім сақталып отыр. Жыл басынан бері экономикалық өсім 17,9 пайызды құраған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 20,6 пайызға, құрылыс жұмыстары 27,3 пайызға, көлік саласы 17,5 пайызға, сауда көлемі 4 пайызға, байланыс қызметтері 3,8 пайызға, ал ауыл шаруашылығы 2,2 пайызға артқан.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытындағы жұмыстар да жүйелі жалғасуда. Биыл бұл салаға облыстық бюджеттен 32,6 миллиард теңге субсидия бөлінген. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 65,1 миллиард теңгеге жетсе, егіс алқаптарына 665,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған.

Өңір басшысы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне де ерекше тоқталды. Оның айтуынша, 2026-2028 жылдары облыста жалпы ұзындығы 1298 шақырымды құрайтын 236 канал қайта жаңғыртылмақ. Қазіргі таңда 71 канал бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Мал шаруашылығында да оң динамика байқалады. Ет өндірісі 1,9 пайызға, сүт өндірісі 1,8 пайызға өссе, жұмыртқа өндіру көлемі 35,7 пайызға артқан. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биыл 380-нен астам жобаны қаржыландыру үшін 7 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр.

Халықты тұрғын үймен қамту бағытында жыл соңына дейін 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, әлеуметтік осал топтарға арналған 350 пәтер сатып алынбақ.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқталған облыс әкімі бүгінде облыстағы 357 елді мекеннің толықтай сапалы ауыз сумен қамтылғанын атап өтті. Сонымен қатар 284 елді мекенге табиғи газ жеткізіліп, халықты газбен қамту деңгейі 91,8 пайызға жеткен.

Жұмыспен қамту саласында да нәтижелі көрсеткіштер бар. Төрт ай ішінде 9,1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, оның 7,4 мыңы тұрақты жұмыс орындарына айналған. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 10,2 мың адам тартылып, жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады.

Биыл облыста әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында 11 білім беру, 3 денсаулық сақтау және 12 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланған.

Кездесу барысында облыс әкімі Жуалы ауданының әлеуетіне ерекше тоқталып, ауданның ауыл шаруашылығы, көлік логистикасы және туризм салаларын дамытуға қолайлы мүмкіндіктері бар екенін айтты.

Жиын кезінде тұрғындар ауылішілік жолдарды жөндеу, жаңа мектептер мен спорт кешендерін салу, инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерін көтерді. Ербол Қарашөкеев әрбір сұраққа жауап беріп, айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер бақылауда болатынын жеткізді.

Кездесу қорытындысында облыс басшысы аудан әкіміне жүзеге асырылып жатқан жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заң талаптарына сай әрі уақытылы жүргізілуін және бюджет қаражатының тиімді игерілуін қатаң бақылауды тапсырды.

Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар қызметіне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту міндеті жүктелді.

Осылайша, Қайрат ауылында өткен кездесу билік пен халық арасындағы ашық диалог алаңына айналып, өңірдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты