• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Сиқырлы кітап» атты мерекелік іс-шараға қатысты.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
02.06.2026, 02:33
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
89
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Тараз қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы саябақта өткен мерекелік шараға мыңнан астам бала жиналып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қызықты бағдарламалардың куәсі болды. Алаңда театрландырылған қойылымдар қойылып, ертегі кейіпкерлері балалармен жүздесіп, түрлі ойындар мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар шығармашылық көрмелер, интерактивті алаңдар мен көңілді эстафеталар бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлады.
Мерекелік жиында сөз сөйлеген өңір басшысы барша балаларды және ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтап, балалардың жарқын болашағы – мемлекет пен қоғамның басты құндылығы екенін атап өтті.
– Бала бақыты – әрбір ата-ана үшін ең қымбат қазына, ең асыл мұрат. Сондықтан өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. «Барым балам үшін» деген халқымыздың тағылымды ұстанымы ұрпақ тәрбиесіне деген айрықша жауапкершілікті білдіреді.
Бұл күн – балалық шақтың шаттығын, бүлдіршіндердің өмірге деген шынайы құштарлығын, олардың жүрегіндегі мейірім мен әділдікке деген сенімін дәріптейтін ерекше мереке. Балалардың күлкісі мен қуанышы – елдің ертеңіне деген сенімнің белгісі, – деді Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімі жас ұрпақтың тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыратын басты күш екенін жеткізіп, балаларға ақжарма тілегін арнады.
– Қымбатты балалар! Сіздер – Тәуелсіз Қазақстанның бақытты ұрпағысыздар. Бүгінгі білімді, талапты, ізденімпаз жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Жазғы демалысты тиімді өткізіп, жаңа достар тауып, білім көкжиектеріңізді кеңейтіп, армандарыңызға батыл қадам жасаңыздар. Сапалы білім алып, ел дамуына өз үлестеріңізді қосатын, туған жердің мерейін асыратын азамат болып өсулеріңізге тілектеспін.
Біз үшін балалардың жүзіндегі шаттықты көру – ең үлкен бақыт. Сондықтан да жас ұрпақтың алаңсыз өсіп, жан-жақты дамуына және бақытты өмір сүруіне қажетті жағдайларды жасау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деді өңір басшысы.
Айта кетейік, биыл облыста жазғы демалыс пен сауықтыру шараларымен 208 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланған. Оның ішінде 15 292 бала қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде демалады.
Сондай-ақ республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі байқаулар мен жарыстарда жеңімпаз атанған 5-9 сыныптардың 279 оқушысы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама алады.
Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар облыстың барлық ауданында ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді өткізуге, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік бағдарламалармен жалғасты.
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.