• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Жамбылда республикалық «Auyl Jastary» форумы өтті

31.05.2026
0
Жамбылда республикалық «Auyl Jastary» форумы өтті
54
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

29–30 мамыр күндері Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Талбесік» этноорталығында республикалық «Auyl Jastary» форумы өтті. Ауқымды алаң еліміздің барлық өңірлерден келген 300-ге жуық белсенді ауыл жастарын бір арнаға тоғыстырып, жаңа идеялар мен бастамалардың орталығына айналды.

Форумның негізгі мақсаты – ауыл жастарының әлеуетін ашу, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Форум алғысөзі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің және «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев қатысушы жастарды еліміздің болашағы үшін аса маңызды бағыттардың бірі – жасанды интеллект пен цифрландыру саласына белсенді араласуға шақырды:

«Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды саяси реформалар, сондай-ақ 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы ең алдымен жастарға бағытталған және олардың мүддесі үшін жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, мемлекеттік саясат жас ұрпақтың әлеуетін толық ашуға, өз идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға, жан-жақты өзін-өзі дамытуына және жеке әрі ел дамуына үлес қосуына жағдай жасауға бағытталған.

Осы мақсатта республикалық жастар форумы өткізіліп отыр. Бұл – еліміздің барлық өңірлерінен келген дарынды әрі бастамашыл жастардыбіріктіретін, тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар қалыптастыруға және ауылдық аумақтарды дамыту мен цифрлық трансформация үдерістеріне жастарды тартуға бағытталған практикалық шешімдер ұсынатын алаң», – Серік Егізбаев.

Құттықтау сөзімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерболат Саурықов, Мұқаш Ескендіров және Әбутәліп Мутәлі, «Ауыл» партиясының республикалық жастар қанаты «Auyl Jastar» төрағасы Дәурен Рахымбек, «Hackathon 3.0» республикалық байқауының жеңімпазы Асқар Рахым, өңірлік жастар форумдарының AI-менторы Наталья Абрамова, креатив және жастармен жұмыс департаментінің директоры Мақсадбек Абдужаббаров сөз сөйледі.

Форумның бірінші күнінде қатысушылар арасында командалық рухты нығайту мақсатында тимбилдинг, делегаттардың шығармашылық кеші, сондай-ақ жастар үшін әуе шарымен ұшу ұйымдастырылды.

Екінші күні форум «AI Education Talks: Білімгежаңа көзқарас», «Business Talks: Идеядан табысқа» және «Motivation Talks: Жастарға серпін» атты білім беру және мотивациялық кездесулермен жалғасты. Екі күн бойы қатысушылар технология, жасанды интеллект, кәсіпкерлік, тұлғалық даму және қоғамдық көшбасшылық салаларындағы тәжірибелі спикерлердің дәрістерін тыңдап, практикалық сессиялар мен ашық пікірталастарға қатысты, сондай-ақ тәжірибе мен жаңа идеялармен алмасты.

AI Education Talks секциясында қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов, кітапсүйер және блогер Хамит Ердехан, сондай-ақ Daryn Teacher Group компаниясының директоры Ерлан Абдиманапов сөз сөйледі.

Business Talks секциясында мотивациялық баяндамалармен агрофермер Жұлдыз Гафарова, жеке кәсіпкер және Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жанат Алтангадас, «Аграрлық несие корпорациясы» Жамбыл облыстық филиалының несие бөлімінің басшысы Мирас Ағәділ сөз сөйледі.

Motivation Talks алаңында Capable group және Khazret group негізін қалаушы Хазрети-Али Оразалиев, сондай-ақ қазақстандық театр және кино актері Жасұлан Көпберген сөз сөйледі.

Форум аясында жастардың бастамашылдығымен командалық өзара іс-қимылын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бағдарлама мотивациялық кездесулерді, пікірталастарды, семинарлар мен тренингтерді, сондай-ақ командалық ойындарды қамтып, қатысушылардың практикалық білім мен командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Іс-шара барысында қатысушылар ауылдың болашағына қатысты өзекті мәселелерді және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа тәсілдерін талқылап, оны дамытуға арналған жаңа идеялар қалыптастыруға үлес қосты.

Осы орайда Жамбыл облысынан келген форум қатысушысы Едіге Өсер мұндай форумдар жаңа таныстықтар мен жаңа мүмкіндіктерге жолашатын алаң екенін атап өтті:

«Мен Қостанай қаласында өткен жастар форумына қатысып, жасанды интеллект саласындағы білімімді тереңдетіп, құнды практикалық тәжірибе алдым. Кейін осы алған дағдыларымды ветеринария саласындағы студенттер мен болашақ мамандарға арналған республикалық кәсіби шеберлік байқауы VetPro-да қолданып, құрметті II орынды иелендім. Сондықтан мұндай іс-шаралар жастарға өз әлеуетін ашуға және нақты нәтижелерге қолжеткізуге күшті серпін береді деп есептеймін», – деді.

Іс-шараға «Ауыл» партиясының жастар қанатының белсенділері, студенттік жасақтардың көшбасшылары, жас мәслихат депутаттары, партияның кадрлық резерв мүшелері, қоғам қайраткерлері, танымал блогерлер және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

«Auyl Jastary» форумы – ауыл жастарын біріктіретін маңызды диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастама. Форум жастардың заманауи білім мен технологияларды меңгеріп, ел дамуына үлесқосатын белсенді әрі жауапты орта қалыптастыруды көздейді.

Кештің жарқын қорытындысы жастарға арналған «Auyl Party» концерттік бағдарламасы болды. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Мөлдір Әуелбекова, Тұрар Ыдырыс, Жасұлан Көпберген, Абзал Өтешов және Болат Қобыланды өнер көрсетті.

«Ауыл» партиясы алдағы уақытта да жастардың зияткерлік әлеуетін ашуға бағытталған осындай бастамаларды жүйелі түрде дамытуды жалғастырады.

 

 

Тегтер: Ауыл партия жастарыАуыл партиясы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты