Жуалы ауданында 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері
құрылды
Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бахтияр Көпбосынов айтты.
Спикердің мәліметінше, аудан тұрғындары арасында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тиімділігі туралы насихат жұмыстары нәтижесінде 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды, атап айтқанда:
1.Сүт кластері бойынша 15 шаруа қожалығы бірігіп «Жуалы Алатау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ашылды.
2. Көкөніс және мал шаруашылығы бойынша құрамында 24 шаруашылығы бар «Нұрлыкент» өндірістік кооперативі құрылды.
3. Тұқым шаруашылығы бойынша құрамында 4 шаруа қожалығы бар «СелСемЦентр» АШӨК-ві құрылды.
4. «50 ауыл» концепсиясын жүзеге асыру пилоттық жоба ретінде сүт өндіру бағытында «Ақсай 2016» АШӨК-ві құрылып, құрамындағы тіркелген 29 жеке тұлғаларға 102 млн. теңге қаражат таратылды.
5-6. Осы сияқты құрамында 38 мүшесі бар «Қарасаз — 2017» өндірістік кооперативі және құрамында 44 мүшесі бар «Мыңбұлақ — 2017» өндірістік кооперативі құрылып, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 100 млн. теңгеден қаржы бөлінді.
7. Қымыз өндіру бойынша құрамында 23 мүшесі бар «Шақпақ» өндірістік кооперативі құрылды.
2017 жылы қуаттылығы 50 MгB-ты құрайтын «Burnoe Solar-2» күн электр станциясының құрылысы» жобасы іске асырылады деп жоспарлануда.
Құс фабрикасын соғу туралы Шақпақ-ата ауылдық округ және Ақсай ауылдық округ арасынан жер телімі белгіленді (51 гектар).
Фарель балығын өсіру бойынша Қызыларық ауылдық округінен 275 гектар жер телімі белгіленді. 4 гектар жер телімі белгіленіп гидро-электр станциясын орналастыру бойынша жоба дайындалуда,-деп мәлімдеді Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Көпбосынов.