• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында «ЕуроХим» күкірт қышқылы зауыты іске қосылды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Жамбыл облысында «ЕуроХим» күкірт қышқылы зауытын іске қосу рәсіміне қатысты.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
26.05.2026, 23:05
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында «ЕуроХим» күкірт қышқылы зауыты іске қосылды
56
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге жетеді. Бұл өнім ауыл шаруашылығы, энергетика, металлургия, машина жасау және басқа да салаларда кеңінен қолданылады.

Зауыттың ашылуы нәтижесінде 330 жаңа жұмыс орны құрылды.Аталған өндіріс орны жылына 1 млн тоннаға дейін минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіптік өнім шығаруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық химия кластерін құруға бағытталған ауқымды индустриялық жобаның бір бөлігі саналады. «ЕуроХим» халықаралық компаниясының бұл жобаға салған инвестициясының жалпы көлемі 1 млрд АҚШ долларын құрайды.

«Жоба Мемлекет басшысының еліміздің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету және өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканы әртараптандыру бойынша алға қойған стратегиялық міндеттерін орындауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстардың бір мысалы. Жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу – екі ел арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің нығаюының жарқын үлгісі. Жоба толық қуатына шыққан кезде Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Химия кешені жобасының үшінші кезеңі аясында бүгінде тиісті жұмыстардың 70 пайыздан астамы орындалған. Жобаны толық қуатқа шығару келесі жылдың басына жоспарланып отыр. Барлық өндірістік желілер іске қосылғаннан кейін химия өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін береді, сондай-ақ 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Президент тапсырмаларын орындау аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы әртараптандыру және басым бағыттарға инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде соңғы екі жыл бойы өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталып отыр. Бұлоң үрдіс биылғы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша да байқалды. Химия өнеркәсібінде шамамен 20 пайыздық өсімге қол жеткізілді. Елімізде полипропилен, күкірт қышқылы, минералды тыңайтқыштар, лак-бояу және басқа да тауарларды өндірукөлемі жыл сайын артып келеді.

ℹ️ Анықтама: «ЕуроХим» (EuroChem Group AG) – негізгі өндірістік активтері Ресей, Бельгия, Литва және Қытайда орналасқан халықаралық химия компаниясы. Компания минералды тыңайтқыш өндіру саласында әлемдегі алғашқы бестіктің қатарына кіреді.

Тегтер: еурохимжаңа кәсіпорынзауыт
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.