• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Меккеде 4 000 отандасымыз қажылық міндетін өтеуде

Биыл қасиетті Мекке топырағында еліміздің 4 000-ға жуық азаматы мұсылманның бес парызының бірі — үлкен қажылық міндетін өтеуде.

23.05.2026
0
Меккеде 4 000 отандасымыз қажылық міндетін өтеуде
244
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Отандастарымыздың қасиетті сапарға аман-есен жетіп, құлшылықтарын кедергісіз орындауы үшін отандық 14 туристік фирма қызмет көрсетіп жатыр. Қазақстандық қажылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үйлестіруімен арнайы Қажылық миссиясы құрылып, қазіргі уақытта күшейтілген режимде, тәулік бойы қызмет етуде.

Қажылық миссиясы сапарға жауапты туристік фирмалардың жұмысын жіті қадағалап, қажылардың жатын орындары мен уақтылы, сапалы тамақтануын бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар, миссия өкілдері қажылықтың ең жауапты кезеңдері — Арафат жазығында тұру, Муздалифада қону, Минада түнеп, шайтанға тас ату және Қағбадағы парыз тауабын орындау сияқты негізгі рәсімдерге жан-жақты дайындық жүргізуде. Әсіресе, қажылықтың ең маңызды шарты өтетін Арафат тауындағы отандастарымыз жайғасатын шатырларды алдын ала белгілеп, орындарды жүйелі түрде бөлу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сапар барысында қажылардың денсаулығын бақылау үшін арнайы білікті дәрігерлер тобы бекітілген, ал құлшылықтардың шариғатқа сай дұрыс орындалуына тәжірибелі уағызшы-теологтар мен дінтанушылар бағыт-бағдар беріп, көмектесуде.

Биылғы қажылық маусымының өзіндік ерекшелігі мен үлкен берекесі — қазақстандық қажылардың арасында жасы жүзден асқан Жұмакүл әжеміздің болуы. Құранды толық жатқа білетін қари әжеміз қасиетті мекенде еліміздің тыныштығы мен бірлігі, халқымыздың амандығы үшін арнайы ақ батасын берді. Бүгінде Қазақстанның қажылық миссиясы барлық ұйымдастыру жұмыстарын бекітілген жоспарға сай үйлестіріп, отандастарымыздың қасиетті сапардағы ғибадаттарының қабыл болуын тілейді.

Айта кететін жайт, үлкен қажылық барысынан арнайы Сауд Арабия Корольдігінің Мекке қаласынан Исламбек Дастан ақпарат таратуда.

Тегтер: қажылық миссиясыҚМДБМеккеүлкен қажылық

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты