• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда «Әйел өндірісте: еңбек жағдайы, құқығы және қауіпсіздігі» тақырыбында диалог алаңы өтті

Бүгін Тараз қаласындағы Кәсіподақ үйінде облыстық салалық кәсіподақ ұйымдары төрағаларының, ірі өндірістік кәсіпорындардың бастауыш партия ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Әйел өндірісте: еңбек жағдайы, құқығы және қауіпсіздігі» тақырыбында диалог алаңы өтті.

19.05.2026
0
Таразда «Әйел өндірісте: еңбек жағдайы, құқығы және қауіпсіздігі» тақырыбында диалог алаңы өтті
41
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Іс-шараны AMANAT партиясының Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырды.
Жиынның мақсаты – өндірістегі әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жетілдіру және еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.
Іс-шараны AMANAT партиясының Жамбыл облыстық филиалының Тараз қалалық әйелдер қанатының жетекшісі — Ертаева Жанат Әкебайқызы ашып, алғы сөзінде әйелдердің еңбек нарығындағы рөлі мен олардың әлеуметтік қорғалу мәселелерінің маңызын атап өтті.
Алғашқылардың бірі болып Уалихан Болатбек – AMANAT партиясының Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысы – сөз алып, партиялық алаңдардың қоғамдық мәселелерді шешудегі тиімді тетіктері жөнінде ой бөлісті.
Мағзымбеков Ерұлан Сәбенұлы – Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты – кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарындағы қызметі мен қызметкерлер құқығын қорғаудағы рөліне тоқталды.
Адамбаева Зауре Каратаевна – Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ардагері, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты – өндірістегі еңбек құқықтарының сақталуы, бұзушылықтардың алдын алу және жауапкершілік тетіктері туралы құқықтық тұрғыда кеңінен түсіндірді.
Мухатаева Жанат Жетібайқызы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы – өндірістегі қауіпсіздік талаптарының орындалуы мен әйелдерге берілетін еңбек кепілдіктері жөнінде ақпарат берді.
Ергебаев Нұралы Баянбайұлы – Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары – жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары, тәуекелдерді басқару және даулардың алдын алу жолдары туралы пікірін ортаға салды.
Джолшибекова Әлия Игенбайқызы – Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлерінің жергілікті кәсподағының құқықтық қызмет жетекшісі – ұжымдық шарттардың еңбек құқықтарын қорғаудағы нақты тетігі екеніне тоқталды.
Молдашова Ақбота Қаныбекқызы – Жамбыл облысы бойынша «Әулетті сақтандыру» агенттігінің директоры – міндетті және ерікті сақтандыру жүйесінің еңбеккерлер үшін қаржылық қорғаныс құралы ретіндегі маңызын түсіндірді.
Жиын соңында қатысушылар арасында сұрақ-жауап және пікір алмасу өтті. Талқылау барысында еңбек қауіпсіздігі, әйелдердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері көтерілді.
Диалог алаңы қорытындыланып, мұндай форматтағы кездесулер еңбек қатынастарын дамытуға және өндірістегі әйелдердің жағдайын жақсартуда нақты ұсыныстар әзірлеуге ықпал ететіні атап өтілді.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды
Тегтер: әйелдерКәсіподақ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты