Алимжанов Ғалым Бекмұрзаұлы 1983 жылғы 28 мамырда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.
2000–2004 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2004 жылы бастап, түрлі жылдары білім беру және басқару салаларында қызмет атқарған:
* 2004–2005 жж. – Ақшолақ орта мектебінде оқытушы;
* 2006–2007 жж. – Қордай ауылшаруашылық колледжінде оқытушы;
* 2009–2013 жж. – №19 кәсіптік лицей директоры;
* 2013 ж. – №9 орта мектебінің директоры;
* 2013–2018 жж. – №14 орта мектебінің директоры;
* 2018–2020 жж. – №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры;
* 2018–2021 жж. – Қордай аудандық мәслихаты аппаратының депутаты;
* 2021–2023 жж. – №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы;
* 2023 ж. – Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін атқарушы;
* 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.







