• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысының Шу ауданында жалпы ұзындығы 263 шақырымнан асатын 42 каналды реконструкциялау және бетондау жұмыстары басталды

Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Шу ауданындағы су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жобаларының іске асырылу барысымен танысты

30.04.2026
0
Жамбыл облысының Шу ауданында жалпы ұзындығы 263 шақырымнан асатын 42 каналды реконструкциялау және бетондау жұмыстары басталды
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазіргі таңда ауданда Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы аясында жалпы ұзындығы 263 шақырымнан асатын 42 каналды жөндеу және реконструкциялау жұмыстары басталды. Оның ішінде екі магистральды каналды қоса алғанда, 120 шақырым канал толық бетондалады.

Жұмыстарға алты мердігер ұйым қатысып жатыр. Сондай-ақ 100-ден астам арнайы техника мен 240-тан аса адам жұмылдырылған. Жобаны іске асыру ауданның 31 мың гектар суармалы жерінің мелиорациялық жағдайын жақсартып, су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Барлық құрылыс-монтаж жұмысы 2027 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

Министр «Масақ-Ақтөбе», «Естемес» және «Беймембет» каналдарындағы жұмыстармен танысты. Қазіргі уақытта каналдарды бетондау және науаларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан кейін министр Сол жағалау магистральды каналындағы жұмыстардың барысымен танысты. Оның жалпы ұзындығы — 37,7 шақырым. Бұл нысанды реконструкциялау 9349 гектар суармалы жерге су жеткізуді жақсартуға бағытталған. Қазіргі уақытта нысанда механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Одан соң Нұржан Нұржігітов жалпы ұзындығы 50 шақырымнан асатын Оң жағалау магистральды каналы мен «Бірлік» және «Больничный-1» каналдарын реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда каналдарды бетондау және жекелеген учаскелерді қамыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс сапары Тасөткел магистральды каналында жалғасты. Қазіргі уақытта нысан бойында орналасқан жалпы ұзындығы 18,7 шақырымды құрайтын төрт каналда науаларды демонтаждау, бетондау және шөптерден тазарту жұмыстары басталды.

Сонымен қатар министр жалпы ұзындығы 86,5 шақырым болатын тоғыз каналды құм мен шөптерден механикалық тазарту жұмыстарының барысымен, сондай-ақ жалпы ұзындығы 20 шақырымнан асатын жеті каналда бетондау, темірбетон науаларын орнату және гидротехникалық нысандар салу жұмыстарымен танысты.

Жалпы алғанда Жамбыл облысында «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы Байзақ, Меркі, Сарысу, Талас және Шу аудандарында жалпы ұзындығы шамамен 400 шақырым болатын 71 каналды қайта жаңғыртуды көздейді.

Су шаруашылығы нысандарын тексеруді аяқтағаннан кейін Нұржан Нұржігітов Шу ауданы әкімдігінде мердігер ұйымдар өкілдерімен инфрақұрылым жобаларын сапалы жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

«Жүзеге асырылып жатқан жоба Шу ауданы мен жалпы Жамбыл облысының аграрлық секторының болашағы үшін аса маңызды. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы министрліктің ерекше бақылауында. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Біз инвестиция тарту және сапалы сараптама жүргізу бағытында үлкен жұмыс атқардық, енді жобаны толық аяқтау қажет», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты