Гранд финалға өңірдің әр ауданынан іріктелген үздік 20 команда қатысты. Әр команда құрамында 4 оқушы мен 1 тәлімгер болды. Қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларын талдап, арнайы әзірленген сұрақтарға жауап берді.

Зияткерлік дода барысында оқушылар білім деңгейімен қатар, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау, сыни талдау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен әдебиетке қызығушылықтың арта түскені байқалды.

Финалдық кезең екі күнге жоспарланып, қатысушылар үшін білім беру тренингтері, мәдени-танымдық және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Марапаттау рәсіміне:
– Жамбыл облысы әкімінің орынбасары — Серік Жақсылықұлы Сәлемов;
– Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы — Нұрбек Әбубекұлы Оршыбеков;
– «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы, жоба ұйымдастырушысы — Дастан Исламбек Дастанұлы қатысты.

🏆 Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
🥇 І орын — Жамбыл ауданы, Айшабибі орта мектебі
🥈 ІІ орын — Т.Рысқұлов ауданы, Болтай батыр орта мектебі
🥉 ІІІ орын — Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы және Сарысу ауданы, Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясы

Айта кету керек, «Ой шебері» зияткерлік ойыны екінші жыл қатарынан өткізілуде. Жоба алғаш рет 2025 жылы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» бастамасы аясында қолға алынып, бүгінде өңір жастары арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың тиімді алаңына айналды.







