• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

18 жасар жамбылдық ақын Жанерке Қамбар халықаралық айтыста топ жарды

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен “Баласағұн” ОКЗ-да “Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым!” халықаралық ақындар айтысы өтті. Аламан айтысты жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.

24.04.2026
0
18 жасар жамбылдық ақын Жанерке Қамбар халықаралық айтыста топ жарды
44
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Дәстүрлі түрде сегізінші мәрте ұйымдастырылған айтыс биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өтті. Айтыста еліміздің түкпір-түкпірінен және Қырғыз Республикасынан келген 12 ақын қатысып, өзара бақ сынады. Атап айтқанда, Қырғыз Республикасынан Мамбет Тоқто Мамбет Орозоуулу мен Нұрсұлтан Малдыбаев, Қызылорда облысынан Мұхтар Ниязов пен Ержан Әмір, Павлодар облысынан Аспанбек Шұғатай, Түркістан облысынан Аян Ниязбек, Алматы облысынан Сұлужан Тауыбалды, Ақтөбе облысынан Аруна Керімбек, Жамбыл облысынан Нұрлыбек Құрманов, Мұхтар Қонарбаев, Жанерке Қамбар және Інжу Жаңабай қатысып, суырыпсалма өнердің жоғары деңгейін көрсетті.

Айтыста ақындардың тапқырлығы, тіл байлығы, ой ұшқырлығы мен сахналық мәдениеті сарапқа салынды. Финалдық кезеңге үздік өнер көрсеткен Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатай, Нұрсұлтан Малдыбаев және Жанерке Қамбар іріктеліп, шешуші сайыста өзара тартысты дода көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені жамбылдық ақын Жанерке Қамбар иеленді. Жеңімпазға арнайы диплом мен “Жамбыл Жабаев” төсбелгісін, 2 миллион теңге қаржылай сыйлықты Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысы Лесбек Ілебаев табыс етті.

Жүлделі І орынды қызылордалық Мұхтар Ниязов, ІІ орынды павлодарлық Аспанбек Шұғатай, ІІІ орынды Қырғызстан Республикасынан келген Нұрсұлтан Малдыбаев иеленді. Ал Ақтөбе облысынан келген Аруна Керімбек ақын, журналист, аудармашы “Күләш Ахметова” атындағы арнайы жүлдеге және қоғам қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұқаш Зұлқарнайұлы атынан арнаулы сыйлыққа ие болды. Барлық қатысушыларға алғыс хат пен “Жамбыл Жабаев” атындағы төсбелгі табыс етілді.

Тараз төрінде өткен дүбірлі доданың қазылар алқасына ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері – Жүрсін Ерман төрағалық етті.

Сонымен қатар әділ қазылар алқасының құрамында жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Роза Мұқанова, ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Айтмұханбет Исақов, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы, журналист, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталағының директоры Жасұлан Әбдіхалық және сарапшы Айтуған Ырысалды болды.

Шараның мақсаты — қазақтың ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі айтысты кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарымызды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету.

Тегтер: Жамбыл Жабаевжыр алыбыХалықаралық айтыс

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты