• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі басталды

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында екі күнге жоспарланған «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі салтанатты түрде ашылды

24.04.2026
0
Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі басталды
24
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Тарих пен танымға толы тағылымды шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және еліміздің әр өңірінен келген қолөнершілер мен мәдениет жанашырлары қатысты.

Фестиваль «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені аумағында өтті. Ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып, әуелеген ән мен күй шараның мазмұнын айшықтай түсті. Қонақтарды ақ жаулықты әжелер мен қос бұрымды қыздар ұлттық тағамдармен қарсы алып, қазақы қонақжайлықтың үлгісін көрсетті.

Облыс әкімі өз сөзінде фестивальдің мәдени байланыстарды нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызын атап өтті.

– Тараз – тек көне шаһар емес. Бұл – уақыттың таңбасын сақтаған, өркениеттер үнін жеткізген қасиетті мекен. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қала ғасырлар бойы түрлі мәдениеттерді тоғыстырып, өнер мен дәстүрдің алтын арқауына айналды. Сондықтан Тараз – шежіре, Тараз – тағылым, Тараз – рух, — деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен бірге өңір басшысы 2022 жылы қаланың дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енуі ұлттық өнердің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі екенін жеткізді.

Өз кезегінде Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және фестивальді ұйымдастыруға атсалысқан бірқатар азаматты марапаттады.

— Бұл фестиваль – тек бір өңірдің емес, тұтас елдің рухани өміріндегі маңызды оқиға. Ол ғасырлар қойнауынан жеткен мұраларымызды жаңғыртып, ұлттық өнердің өрісін кеңейтеді. Қолөнерді дамыту – өткенді дәріптеп, болашаққа жол ашу. Бабалар аманатын заман талабына сай жалғастыру – бүгінгі ұрпақтың міндеті, — деді Президент кеңесшісі.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрым мен Дүниежүзілік қолөнершілер ұйымының мүшесі, «Қазақстан этнодизайнерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Салтанат Жапарова сөз сөйлеп, ұлттық қолөнердің маңызына тоқталды.

Салтанатты ашылудан кейін қонақтар отандық және шетелдік шеберлердің туындыларымен танысты. Көрмеде зергерлік әшекейлер, киіз және жібек бұйымдар, былғарыдан жасалған белбеу мен әмияндар, ат әбзелдері, қыш және ағаштан жасалған ыдыстар, музыкалық аспаптар, сондай-ақ алаша, көрпе-жастықтар мен түрлі сәндік бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды.

Өзбекстаннан келген қолөнерші Муклисамабо Мадарова фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Тараздықтардың қонақжайлылығы мен қолдауы ерекше әсер қалдырды. Ұлттық нақыштағы бұйымдарымызға қызығушылық жоғары, – деді ол.

– Тараз – тарихи қала, туристер көп келетін өңір. Сондықтан мұндай ауқымды шараның өтуі – заңдылық. Пышақ жасау – біздің жеті атадан жалғасып келе жатқан ата кәсіп. Барлық бұйымды қолмен жасаймыз. Саптарына бұғы мен марал мүйізін, сондай-ақ жеміс ағаштарын қолданамыз. Пышақтың күрделілігіне қарай, оны жасауға бір күннен бір аптаға дейін уақыт кетеді. Өзіміздің арнайы шеберханамыз бар, – деді Тәжікстан Республикасынан келген Ихтиёр Мирзоев.

Халықаралық деңгейдегі іс-шара ертең де өз жалғасын табады: 2026 жылғы 24 сәуірде қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп, ағаш, былғары өңдеу, жүн басу және өзге де қолөнер түрлері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады, сондай-ақ көне шаһар – Тараздың туристік нысандарына экскурсиялар жүргізіледі.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты