• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Жанар Оспанова өмірден озды

Саналы ғұмырын ұлт саулығына арналған Жанар Мықтыбекқызының жасы небәрі 49-да еді.

31.03.2026
1
Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Жанар Оспанова өмірден озды

Screenshot

5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

49 жасқа қараған шағында Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласында бірнеше жылдар басшылық қызмет атқарған белгілі дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Мықтыбекқызы Жанар Оспанова өмірден озды. Бұл туралы марқұмның туыстары хабарлады.

Түркістан және Жамбыл облыстарында басшылық қызметтерді абыроймен атқарған ол соңғы уақытта бауыр циррозы дертімен күрескен болатын.

Жанар Мықтыбекқызы 1977 жылы туған. Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша және интернатураны, «Мирас» университетін «менеджмент», «Нархоз университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамын «іскерлік әкімшілік» мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты (2010 ж.).

Ол еңбек жолын 2000 жылы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің терапия бойынша интернатурасында терапевт болып бастаған.

Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық фармецевтикалық академиясының ішкі аурулар факультеттік терапия және пропедевтика кафедрасының оқытушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық емханасының дәрігер-терапевті, бас аудандық терапевті, Шардара орталық аудандық ауруханасының бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары, Шардара аудандық орталық емханасының бас дәрігері, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысының қоғамдық денсаулығы басқармасы басшысының орынбасары, «Жанұя» қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясы» және «Салауатты Астана алғашқы медициналық-санитарлық көмек клиникасы» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

2021 жылғы мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Меркі аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымында еңбек етті. Ал 2022 жылдан 2025 жылға дейін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасында басшы болып қызмет атқарды.

Денсаулық сақтау ісінде табанды еңбек еткен Жанар Мықтыбекқызы:

  • 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс Хаты»;
  •    2015 жылы республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Мырзахметовтың «Алғыс Хаты»;
  • 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі;
  • 2016 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
  • 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы бірінші орынбасарының «Алғыс Хаты»;
  • Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі;
  •  2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болатын.

Сәулелі ғұмырын ұлт саулығы жолында сарп еткен Жанар Мықтыбекқызының артында ардақты жары мен төрт перзенті, елге істеген ізгі істері қалды.

Марқұмның отбасы мен туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!

Тегтер: денсаулық сақтауЖанар Оспановакөңіл айту

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты