• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі $22 трлн-нан асады

Қазақстан технологиялық жаңғыруды сапалы әрі тұрақты экономикалық өсуді жандандырудың маңызды тетігі ретінде қарастырады.

27.03.2026
0
2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі  $22 трлн-нан асады
53
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бұл туралы Шымкент қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы аясында өтіп жатқан Digital Qazaqstan 2026 форумында ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Форумның пленарлық отырысын ашқан Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, институционалдық негіз қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылым және адами капитал сынды мәселелерге басымдық берілді.

Қазақстан электрондық үкіметті дамыту индексінде бүгінде 193 елдің ішінде 24-орында тұр. Сонымен қатар, еліміз онлайн қызметтердің сапасы бойынша әлемдегі көшбасшы мемлекеттердің алғашқы ондығына кіреді. Мемлекет басшысы Үкіметке алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру жөнінде ауқымды міндет жүктеді.

Премьер-министрдің айтуынша, халықаралық сарапшылардың бағалауына сәйкес, 2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі —  22 трлн доллардан асады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін сапалы экономикалық серпін жасауға бірегей мүмкіндік.

Фото primeminister.kz

«Бүгінде Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллект жаңа экономикалық модельдің негізіне айналатын кезеңге қадам басты. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бұл саланың еліміз үшін айрықша маңыздылығын атап өтті.

Өздеріңіз білетіндей, биыл Қазақстанда ауқымды саяси оқиғалар мен жаңарулар болып жатыр. Еліміздің азаматтары жаңа Конституцияны қабылдады және онда алғаш рет конституциялық деңгейде цифрлық құқықтар бекітілді. Бұл саланың одан әрі дамуына елеулі серпін беріп қана қоймай, мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын да көрсетеді.

Цифрлық құқықтарды ең жоғары деңгейде бекіту біз үшін цифрлық трансформация тек технологияларды дамыту туралы ғана емес, сонымен қатар нақты құқықтық кепілдіктер, деректерді қорғау және сенім принциптері туралы екенін айқындайды.

Осылайша, Қазақстан цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту үшін болжамды әрі тұрақты құқықтық орта қалыптастыруда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Форумға ЕАЭО елдерінің үкіметтері басшылары, IT-индустрия өкілдері, халықаралық компаниялардың өкілдері, инвесторлар мен сарапшыларды қоса алғанда, 3 мыңнан астам делегат қатысуда.



Тегтер: Жасанды интеллекетҚР ҮкіметіОлжас Бектенов

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты