• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр

Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасының төрт мүшесі кейін өлі табылған еді.

10.03.2026
0
Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
337
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Оларды өлтірді деген күдікпен Индонезияда ұсталған осы отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевтің Индонезиядан Малайзия арқылы Қазақстанға экстрадицияланған видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. 

Индонезия полициясының ресми  Polres Lombok Utara парақшасында жарияланған видеода басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен оның азаматтық некедегі жары Ақбаян Мұқанғалиеваны бір топ полиция Индонезия әуежайынан Қазақстанға жөнелтіп жатыр.  Мұқанғалиеваның денсаулығы нашар,  тіпті жүре алмай, қол арбада отыр.

Ұсталғаннан кейін Сәрсемалиев кінәсін мойындаған,  жедел-тергеу тобы құрылып, оның көрсетуімен тергеу әрекеттері жүргізілді. Әу баста тұтастай жоғалды деген бір отбасының төрт адамы да ақырында өлі табылды. Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіті күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрын жұбайымен бірге тұрған үйінің ауласынан анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу әрекеті барысында Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындаған. Ол сондай-ақ олардың мәйіттерін Геолог шағын ауданындағы жалға алынған үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Ал бұған дейін 8 қаңтарда Сәрсемалиевтің ата-енесінің мәйіті өз ауласындағы ескі сарайдан табылған еді.

Бүгін осы оқиғаға қатысты ішкі істер министірлігі төрт адамның өліміне Сәрсемалиевпен арада болған тұрмыстық жанжал себеп болған деп айтты.

«Төрт адамның өліміне ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжал себеп болған. Тергеу «екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша жүргізіліп жатыр және іс министрліктің бақылауында. Сондай-ақ отбасының кіші қызының бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Оның психикалық жағдайын анықтау қажеттілігіне байланысты сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге жіберілді» деп жазылған ведомства түсіндірмесінде.

Тегтер: Атырау

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты