• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

2026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі пациентке бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Turan Redaktor Turan Redaktor
08.01.2026, 17:10
Қазақстан жаңалықтары
2026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі
29
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Президент тарапынан дәйекті қолдаудың арқасында денсаулық сақтау саласына жұмсалатын мемлекеттік шығындар соңғы жылдары үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен. Бұл медициналық көмектің көлемін едәуір кеңейтуге, инфрақұрылымды ауқымды түрде жаңғыртуға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға мүмкіндік берді.

Республикалық маңызы бар негізгі нысандар пайдалануға берілді. Олар – Ұлттық онкология орталығы,  Астанадағы шұғыл медицина орталығы, сондай-ақ Алматыдағы Ұлттық жұқпалы аурулар орталығы.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба аяқталуда. Қазірдің өзінде ауылдық жерлерде 650-ден астам медициналық нысан пайдалануға берілді, бұл қала мен ауыл арасындағы алшақтықты едәуір азайтты», — деп атап өтті денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Ұзақ уақыттан бері алғаш рет тарифтік саясат қайта қаралды: босандыру және педиатрия тарифтері көтерілді, аурулардың алдын алуға, ерте диагностикалауға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға баса назар аударылды. Клиникалық бағыттарда елеулі прогреске қол жеткізілді, ана мен баланың денсаулығын сақтау жүйесі нығайтылды. Онкологиялық қызмет белсенді дамып келеді, бұрын негізінен шетелде қол жетімді боп келген жоғары дәлдіктегі және жұмсақ емдеу әдістері енгізілуде.

Дәрілік саясатқа деген жаңаша көзқарас дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тұрақтылығын арттырып, бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеп берген стратегиялық басымдық ретінде цифрландыруға ерекше назар аударылады.

«Салада «eDensaulyq» экожүйесі қалыптасып келеді, дәрігерді қолдау және медициналық көмектің сапасын арттыру құралы ретінде жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізілуде», — деп атап өтті бірінші вице-министр.

Сонымен қатар, Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген медицина қызметкерлерін қорғау туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр, сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі іске қосылды. Әлеуметтік қолдау шараларының арқасында дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға, орта медициналық персонал 7%-ға, ауылдық жерлерде 16%-ға төмендеді.

«2026 жылдан бастап инфекциялық қызметтер мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жалақысын арттыру қарастырылған, ал дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі. Сақтандыру моделіне көшуді, халықты қамту көлемін кеңейтуді және медициналық қызметтер сапасын мемлекеттік бақылауды қалпына келтіруді көздейтін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі заң қабылданды», — деді Тимур Сұлтанғазиев.

Саланы дамытудың стратегиялық басымдықтары айқындалды: Денсаулық сақтауды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы және Медициналық көмектің сапасын басқарудың кешенді жоспары әзірленді.

Бірінші вице-министр атап өткендей, қабылданып жатқан шаралар айтарлықтай нәтиже бере бастады. Мәселен, халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 75,8 жылды құрайды, өлім-жітім көрсеткіштері төмендеуде. Жалпы өлім-жітім 2,6%-ға, нәресте өлімі 18%-ға қысқарды, ал Қазақстан халықаралық рейтингтердегі өз позициясын жақсарта отырып, адам дамуы индексінде жеті тармаққа көтерілді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.