• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мойынқұмға келді

Сапардың басты мақсаты – ауылдардың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, ел ішінде қордаланған мәселелерді жергілікті жерде талқылау, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдау.

08.01.2026
0
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мойынқұмға келді
37
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2026 жылғы 6 қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Алданышқызы Нұрымова Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан тұрғындарымен жүздесіп, әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Сапардың басты мақсаты – ауылдардың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, ел ішінде қордаланған мәселелерді жергілікті жерде талқылау, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдау.

Халық қалаулығын аудан шекарасынан аудан әкімі Ермек Карентаев бастап күтіп алды. Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов және аудан әкімінің орынбасары Қуандық Төлеубеков депутатты қарсы алып, жұмыс сапарының бағдарымен таныстырды. Сапар барысында аудан басшылығы ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылым, қызмет сапасы, кадр тапшылығы секілді өзекті тақырыптар бойынша ақпарат беріп, қолға алынып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жұмыс сапары Биназар ауылынан бастау алды. Мұнда депутат алдымен дәрігерлік амбулаторияның қызметімен танысты. Медициналық пункттің материалдық-техникалық жағдайы, тұрғындарға көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі, емдеу-алдын алу шараларының орындалуы сынды мәселелер назарға алынды. Ауыл тұрғындары үшін амбулатория – ең қажетті нысанның бірі. Сондықтан қабылдау барысында медицина саласындағы түйткілдер, әсіресе маман тапшылығы ашық айтылды. Жергілікті жұрт дәрігерлердің жетіспеушілігі ауылдағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін жеткізіп, бұл бағытта нақты қолдау қажеттігін атап өтті.

Бұдан кейін депутат Биназар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектепке барып, білім ошағының жай-күйіне қанықты. Мектептің материалдық базасы, оқу кабинеттерінің жағдайы, оқушылардың қауіпсіздігі, күрделі жөндеу қажеттілігі сынды тақырыптар талқыланды. Ұстаздар қауымы мен ауыл белсенділері мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қажет екенін, оқу ғимаратының уақыт талабына сай жаңғыртылуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар ауылда заманауи талапқа сай балабақша салу мәселесі де көтеріліп, жас отбасылар үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымының тапшылығы сезілетіні жеткізілді.

Сапардың келесі бағыты – Айдарлы ауылы. Мұнда депутат ауылдық клуб үйінің жұмысымен танысты. Мәдениет ошағы ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жастардың шығармашылығын дамытуға, қоғамдық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін маңызды орын. Клуб үйінің қызметі, ауылдағы мәдени-көпшілік жұмыстардың жүйесі және тұрғындардың сұранысы назардан тыс қалған жоқ.

Айдарлы ауылында ашық форматта қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындар депутатқа тікелей сауалдарын қойып, өтініш-тілектерін жеткізді. Қоғамдық қабылдау кезінде көтерілген мәселелер ауыл өмірінің ең өзекті бағыттарын қамтыды. Атап айтқанда, ауылға газ жеткізу, суармалы жерлерді тиімді пайдалану мен инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік жұмысшы қажеттілігі, жаңа балабақша салу, мектеп ғимаратын жөндеу, медицина саласындағы кадр тапшылығы секілді түйткілдер кеңінен сөз болды. Тұрғындар ұсыныс айтып қана қоймай, нақты шешім күтетіні анық аңғарылды.

Кездесу барысында депутат Гүлдара Алданышқызы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынатынын, тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолдау, жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізу арқылы шешу жолдарын қарастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдері аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды, жоспарланған жобаларды атап өтіп, бірқатар мәселе кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.

Жалпы, бұл сапардың маңызы – халық пен билік арасындағы байланысты күшейтіп, ауылдағы нақты ахуалды ашық талқылауда жатыр. Мұндай жүздесулер «естіп қана қою» үшін емес, мәселені шешуге бағытталған нақты әрекеттерге жол ашуы тиіс. Өйткені ауылдағы әрбір көтерілген мәселе – жай ғана өтініш емес, ол тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін қажеттілік.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты