AmanVibe дерегінше, ҚПЛ-2025 чемпионы осы қыста негізгі қақпашысын жіберуді жоспарлап отырған жоқ.
«Шетелдік клубтар тарапынан қызығушылық болғанына қарамастан, 2025 маусымының үздік қақпашысын ауыстыру бойынша нақты ұсыныстар әзірге түскен жоқ. Дереккөздердің мәліметінше, ұсыныс болған күннің өзінде клуб басшылығы негізгі ойыншысын жіберуге келісуі екіталай», — деп жазады дереккөз.
Биыл маусымда Темірлан Анарбеков «Қайрат» сапында 19 матчі өткізді, 11 матчте бірде-бір доп өткізген жоқ, жалпы 14 гол жіберді және команданың қорғанысындағы негізгі ойыншыға айналды. Жанкүйерлер оның үлесін жоғары бағалап, маусым қорытындысы бойынша Анарбековті клубтың үздік ойыншысы деп атады.







